Alpha тобы алғашқы жеке кешін берді! Жігіттердің концертіне билет құны қанша?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

– Бүгін олардың алғашқы жеке концерті! Alpha - аз уақытта өз армиясын қалыптастырып үлгерген топ. Дәлелі бүгінгі кешалды: жүздеген адам жиналған фан-митинг пен фан-сайн. Дәл қазір көптен күткен кеш!

– Жігіттер, концерт құтты болсын! Концерт алды көңіл күйлерің қалай?

Аlpha тобы:

Өте тамаша көңіл күй! Біздің ең бірінші жеке концертіміз! Бұны ұзақ армандадық, ойладық, дайындадық. Сезіміміз өте толқып жатыр. Біздің жанкүйерлерімізбен кездесіп және ең бірінші ән кешімізді беру. Жалпы сондай күшті сезім болып жатыр.

Фан-митинг, фан-сайндарыңды көрдім. Өте белсенді өтті. Жалпы өздеріңнің көңілдеріңнен шықты ма?

Аlpha тобы:

Иә, әрине. Өте көңілімізден шықты. Біз өзіміздің жанкүйерлерімізді көре алдық деп айта аламын. Сағынышымызды бастық деп айта аламын. Қатты сағынып қалыппыз. Көп уақыттар уже өтіп кетті да.

Фан-митингте қойылған ең қызық сұрақ қандай болды?

Аlpha тобы:

Ең қызық сұрақ... Бүкіл сұрақ қызық болды. Әсіресе... Болашақ балаларыңызды қалай атаушы едіңіздер деген сұрақтар болды. Өте қызық болды. Бірақ біз ол заттарға ойланбаппыз. Біздің жауабымыз ата-анамыз қояды деп айттық.

Ақжолмен бірге «Сенбе» атты толықметрге бірге түстіңдер. Қандай актер екен? Қандай партнер екен?

Алмагүл Қазихан-Сағындық, актриса:

Ақжол керемет жігіт. Сол жақта жақын араласа бастадық Ақжолмен. Площадкадан тыс уақытта, пауза кезінде көп әңгіме айттық. Бастысы, маған ұнағаны сол кезде топ туралы көп нәрсе айтқан. Жігіттердің өте сауатты екені, жан жақты екені. Өнерді бар жан тәндерімен түсінетіні.

Топтағы қай жігіт сен үшін краш?

Алмагүл Қазихан-Сағындық, актриса:

Оны жігіттер біледі өздері.

  • Бізге де айтып қойсаңшы?
  • Конечно. Қозы.
  • Қозы?
  • Иә. Менің крашым – Қозы. Басқа жігіттердің көзінше де айтамын. Ұялады енді. Үлкенмін ғой енді мен олардан. Бізде енді кішкене ұят деген жоқ қой.

Бүгін жігіттер екі бірдей ЕР альбомынан тректер орындайды екен. Саған қай әні ұнайды?

Мәди Рымбаев, музыкант, әнші:

Негізі жігіттердің барлық әндері өте сапалы, креативті. Бірақ мен біреуіне акцент қойғым келіп тұр. Ол «Аялдама».

Бұл сұрақты қоймасам болмас. Жақында аға атандың. Әли Оқапов әке атанды. Қандай сезімдесіңдер? Сен қандай сезімдесің?

Мәди Рымбаев, музыкант, әнші:

  • Өте қуаныштымын. Былай сөздермен нақты жеткізе алмайтын нәрсе деп ойлаймын.
  • Күнде қарап, сүйіп кетесің ба?
  • Күнде, кішкентай үзіліс болса да үйге ұшамын. Иіскеп, қолыма ұстап. Күнде сол баламен уақыт өткізуге тырысамын.
  • Зейін деп атын кім қойды?
  • Ағам қойды. Бірнеше варианттар болған. Бірақ Зейін деп, қателеспесем бір апта қалғанда ма, примерно аз уақыт қалғанда Али Зейін деп ойлап тапты.

Alpha-лық жігіттерді қай уақыттан бері танисың? Қалай таныстыңдар?

Диас Алтыбаев, тиктокер:

Негізі Х project-те болғам. Самый началосында, когда они JUZ интертейменттің стажерлары болған кезде сол кезде болдым еще. Х project-та болдым кастингта. Бірге сол жерде танысқанбыз. Сосын кейін олар уже JUZ-ден кеткеннен кейін, өздері болғаннан кейін олар бізге өлеңдерін көрсеткен болатын. Әлі дебют алмады, ешкімге көрсетпеді, шығармады. Сол кезде танысқан болатынбыз.

Тиктокта әншінің әні шығып жатқан кезде, тиктокерлер жабылып видео контент түсірген кезде тренд, хит қылып жібересіңдер. Alpha-ға солай көмектестіңдер ма?

Диас Алтыбаев, тиктокер:

Әрине. «Арамызда қалсын құпия» деген бар ғой. «Құпия» деген өлеңіне, сол трендті біз құраған болатынбыз биді. Арамызда қалсын біздің құпия. Неге ренжіп тұрсың, жылап маған бұртия? Жүрегіңді ашуға дайын... деген сияқты бірнәрсе болды.

Сымбат Сағындық, тілші:

– Олардың клиптері видеоплатформаларда миллиондаған қаралым жинайды. Стримдерін мыңдаған адам күтеді. Олар үлкен алаңдарды бағындырып келеді. Бүгінгі кеш Alpha-лықтардың айтуынша: үлкен бастамаға апарар жол. Ал біз сәттілік тілейміз!