Айнұр Ілиясова «Келинка Сабинадағы» кейіпкерінен шаршап, драмаға кетті ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Біз Алматыдан 60 шақырым жол жүріп келдік.

Мұнда ХVІІІ ғасырдағы үш жүздің басы бірігіп, 30 мың қолмен Жоңғарларға қарсы шапқан Бөгенбай батыр туралы толықметр таспаланып жатыр. Аңырақай шайқасы, қанды қырғын! Бірақ, көз үйренгендей тарихи драма емес. Комедия! Комедия, Карл! Құдды қазақша нұсқадағы - Астерикс пен Абеликс!

Басты рөлде – Рамазан Амантай. Бұл биылдыққа Рамазан түсіп жатқан жетінші толықметр. Актер барлық лентада басты рөлде. Осы жолғы образы ортасынан қолдау таппаған, қияли батыр.

– Тағы да Рамазан Амантай! Өткенде бір апта бұрын ғана көріп едім. Қалай түсесің киноларға? Жалпы шақырту қалай түсе береді?

Рамазан Амантай, актер:

– Білмеймін. Уже ұят, ұят құрсын...

– Кинодағы кейіпкерім – Бақыт деген батыр. Бақыт деген батыр өнертапқыш.

– Әртүрлі түсті түтін ойлап табамын. Бұл Бақыт батырды бағаламайды да. Майдан кезі болғаннан кейін, майдангерлігі керек болады да.

Тағы бір белгісіз батырымызды – Құмар Лұқсанов ойнайды. Кейіпкерінің аты да – Құмар екен. Кинопродюсерлер дәл осы образды актерға арнап жазыпты.

– «Белгісіз батырларда» кімді ойнайсыз?

Құмар Лұқманов, актер, әзілкеш:

– Өзім, Құмар болам.

  • Өзіңізді ойнайсыз ба?
  • Иә. Құмар батыр. Енді белгісіз батыр ғой, ондай да болған шығар. Кім біледі.

– Садақпен ататын мергенмін негізі.

Нұрдәулет Шертім дәл осы түсірілім үшін Астанадан арнайы шақыртылған. Кейіпкері – Күнтуған батыр. Қыз-қырқын мен бал-қымызға әуестігі басым.

Нұрдәулет Шертім, актер, әзілкеш:

– Ол кезінде Қабанбаймен бірге, бір қатарда соғысқа қатысып жүрген жігіт қой. Сосын олар жоғары лигаға кетіп қалды. Жоғарғы деңгейде. Әлемдік деңгейге кетіп қалды да Қабанбайлар. Ал мен қалып қойдым. Содан қалғаннан осы. Менің бір минусым бар қымыз ішсем болды, кішкене масайып қала беремін. Сондай әлсіздігім бар.

«Келинка Сабинадан» танылған – Айнұр Ілиясова да осы лентада төбе көрсетеді. Соңынан ерген: «Бір толықметрдің актрисасы»,-деген штамптан арылғысы келетінін айтады. Қала берді Айнұр жаңа жобаға кірісер алдын, ешқандай БАҚ-қа сұқбат бермейді екен. Бірақ біздің бағдарламаға ерекшелік жасады. «Антикомедиялық кейіпкерді ойнаймын. Ата-анамды жоңғарлар өлтірген, кек алғым келеді»,-деді ол.

Айнұр Ілиясова, тележүргізуші, актриса:

– «Белгісіз батырларда» Ұлтуды ойнаймын. Батыр қыз. Өзі жалғыз қалған қыз. Өйткені отбасын жоңғарлар қырып тастады және оның жүрегінде кек ашу, ыза. Бұл жақтағы рөл мүлде комедияға келмейді. Комедиялық рөл емес. Қатты драма деп те айтуға болмайды.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– «Белгісіз батырлар» биылдан қалмай үлкен экрандарға жол тартады. Ата-тек пен тарихтан сыр шертетін толықметр көрермен көңілінен шыға ма? Оны кезі келгенде білеміз.