Анель Кенжебекова туған күнінде қаншаға шығындалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

Luxury birthday party! Біз бүгін Анель Кенжебекованың туған күн кешінде қонақтамыз! Дресс код TOTAL WHITE болғандықтан, осындай ақ көйлегімді киіп келдім. Ал оның достары бұл кешке қалай дайындалыпты? Қазір көретін боламыз.

Анель Кенжебекова, блогер:

Жалпы енді 1-2 жылдай жасадым, дүркіретіп жасадым, бүкіл блогерлердің бәрін шақырдым, шулатып жасадым. Бірақ енді растратно болады біріншіден, екіншіден уже ондай нәрседен шаршадым да. Оның да қызығы кетті. Ондай көп кеткен жоқ. Өтірік айтпай-ақ қояйын 500 мыңдай сондай кетті.

Меймандар арасында Total white дресс кодын ұстанып, түрлі әшекей асынып сыланған бикештер де, образға мән бермей, қолына ілінгенді киіп келгендер де табылды.

Анель Кенжебекова, блогер:

- Бұл образ айтпақшы айта кетейін, АК бренді, өзімнің жеке брендім. Енді жаңадан ашылады. Мен ол туралы әлі еш жерде айтқан жоқпын.

Aii officiiall, блогер:

- Үйде ақ киім көп өзімде. Соның біреуін кие салдым.

Балжан Бидаш, әнші:

- Мен шақырту билетін аштым да, адрес пен уақытын қарап, бірден ұштым. Сондықтан сосын үйдегі киімдерімнің арасынан қарап, осыны киіп келдім. Сөйтсем мен керісінше киіп келіппін. White екен, сосын Black киіп келіппін, black дедім ғой.

C.C.TAY, әнші, блогер:

- Гардеробымды аштым да, единственный ақ зат осы екен, соны киіп шықтым.

Анара Батырхан, тележүргізуші:

- White party болайын деп жатыр. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай, мен кезінде ақ болған көйлекті кидім, бұл ақ негізі, просто камерада дұрыс көрінбей тұр.

- Осы уақытқа дейін Анельдің алмаған құнды, бағалы сыйлығы қалмаған шығар иә? Солай ма әлде мына сыйлықты әлі ешкім берген жоқ деген сыйлық бар ма?

- Машина десең иә.

Анельяға ең үздік тосынсыйды жасаған оның құрбысы – Damelya Sweet. Блогер досының туған күніне арнайы Оңтүстік Кореядан ұшып келген.

Damelya Sweet, блогер:

- Мен оған алдап кеттім да, 4-і келем деп үлгермеймін деп. Мен оған ештеңе жазбадым, «Туған күніңмен» деп, ренжіп қалсын деп. Мен айттым «мы с тобой скоро увидимся» деп. Сол сәтте біздің досымыз оған букетті берді. Букетте записка болған «повернись назад» деген записка. Сол уақытта мен Анельяның артында тұрып, сюрприз деп тұрдық.

- Ал осы жолы қандай сыйлықпен қуанттыңыз Анельді?

- Осы жылы уиш листте Анельяның көрермен көрсе, Анелья жиі очки тағады. Сол үшін уиш листте 3 көзілдірік болған, соның біреуін сатып алдым.

Қонақтар туған күн дресс кодын сақтап, образ үйлестіріп қана қоймай, Анельдің талғамына сай сыйлық таңдау үшін де біраз уақыт арнаған.

Aii officiiall, блогер:

- Бүгін менде көзілдірік.

Анара Батырхан, тележүргізуші:

- Шынымды айтсам, ақшалай сыйлық алып келдім.

C.C.TAY, әнші, блогер:

- Ол уиш листта LV-ның подвескасы деп жазған еді, мен LV-ның комплектіндегі сырғасын алдым.

Айдана Шалқар, @aiudna

Сан алуан гүл шоқтары, бағалы брендтер, ақшаға толы конверттер. Бұл – Анель Кенжебековаға тарту етілген құнды сыйлықтар. «Revue news» ұжымы 22 жасқа қадам басқан блогерге шығармашылық табыс тілейді!