«Түнде атылған оқ»! НТК арнасы бұрын-соңды телевизия саласында болмаған детевтив ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Түнде атылған оқ» - 50-60 жылдарды еш боямасыз, тарихи фактілер арқылы суреттейтін криминалды драма. Көрермен сол дәуірге ену үшін түсірілім тобы ескі реквизит іздеп, алдын-ала дайындық жүргізген.

Жамал Жақсытай, продюсер

- Бұл жобаның шынымен салмағы да ауыр, тақырыбы да өте ауыр. Бірақ та көрерменге соңды қазақ телевизиясында болмаған детектив жанрын жаңа дейгейде көрсетуге командамызбен барынша тырысып жатырмыз.

Телехикая бірнеше детективтік оқиғаларды қамтиды. Қанды қылмыс ашық көрсетілетін сериал - Рақым шопанның жансыз мүрдесі жапан даладан табылуынан басталады. Іс – майор Ділдәбеков, капитан Майлыбаев пен полковник Дайыровтың қарауында. Тыңғылықты тергеу үш қызыл жағалының қолынан келе ме? Тергеушінің бірі - театр және кино актеры Ермек Шынболатов.

Ермек Шынболатов, актер

- Өзі 16 сериядан тұратын сериал. Мына Совет үкіметі, ол кезде қазіргіге қарағанда бәрі күрделі болды ғой. Тақырыпты айту қиын қазірдегідей, қазір раскрываемость көбірек қой. Ол кезде түсініксіз ол кезде техинка қатты дамымаған, көбінесе адами фактор.

Тың туындының таспалану техникасының өзі өзгеше. Елімізде тұңғыш рет бір сериалды 2 режиссер түсіріп жатыр. Олардың барлығын қадағалау Олжас Нұрбайға бұйырған. Шоураннердің айтуынша голливудтық жүйені қолдануының өзі себебі бар:

Олжас Нұрбай, режиссер-шоураннер

- Бұл американдық жүйе, соны мен қолданып көріп жатырмын. Себебі жоба үлкен. Бір режиссерға беру сәл қиындау болуы мүмкін. Режиссер шаршап қалуы мүмкін деген сияқты. Сондықтан мынау свежость дейді ғой соны сақтау үшін біз екі режссерды таңдадық.

Жамал Жақсытай, продюсер

- Бізде өте ауыр сахналар бар және де постановочный өте, қойылуы өте ауыр сахналарға дайындық болды осы уақытқа дейін. Ол жерден өте астарлы идеалогиялық моменттер өте көп. Оны көрерменге қалдырайық өзі табады.

«Түнде атылған оқ» телехикаясына - Кемел Тоқаевтың зерттеулері мен повестері арқау болған. Еске салсақ, жазушы Қазақстандағы детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі.

Жұмағали Маханов, актер

- Мен ойлаймын үлкен кісілер бұл шығарманы атын естігеннен-ақ шыққанша күтеді деп ойлаймын. Оқиғасы қалай болады, оны қандай күйде жеткізеді бүгінгі көрерменге, бүгінгі көзқараспен қалай жеткізеді деген сияқты.

Криминалды драманы НТК-дан дүйсенбі мен бейсенбі аралығында, сағат 16:00-де тамашалай аласыздар!