Қуаныш Бейсек ізімен! Ақан Сатаев хоррор таспалап жатыр! Азамат Сатыбалды түсірілім барысында неден сескеніп қалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Зарина Кармен күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Актрисаны сары уайымға салған – мүшел жасқа толған қызының жай күйі. Бұл – Ақан Сатаевтың «Анель» хоррорының синопсисі. Бүгін түсірілім алаңындамыз.

«Анель» - мүшел жасқа толған жеткіншектің қорқынышты оқиғасы суреттелетін картина. Азамат Сатыбалды – бас кейіпкердің әкесінің рөлінде. Фильм жанры хоррор болғандықтан, «Мен үшін жаңа тәжірибе»-дейді актер. Кейіпкерінің образына еніп кеткені сонша – түнде шығатын түрлі дыбыстардан сескенетін болған.

Азамат Сатыбалды, актер:

- Өзіміз түсіп жатқан кезде өзіміз қорқып жүрдік. Одан кейін жаңағы съемкадан кейін бірден плэйбектен монтажды көреміз ғой, монтажды көргенде Ақан аға музыка қойып қойып, музыкамен көрсеткенде кәдімгідей жаңағы қорқып отырасың қазірдің өзінде, сондықтан да мен ойлаймын, көрермен кәдімгідей дайындықпен дайындалып келіп көру керек сияқты.

- Бұл фильм психологияңызға әсер етіп жатқан жоқ па, мысалы, түнде қорқынышты түстер көріп деген сияқты?

Азамат Сатыбалды, актер:

- Түнде түсеміз, қала тып-тыныш, бәрі ұйықтап жатыр, ал біз болсақ кинодамыз, әрбір сықыр естіледі, әрбір қозғалыс естіледі, соның бәрі әсер етеді шынымен де.

Азамат Сатыбалдыға әртүрлі дыбыстар үрей тудырса, Зарина Карменге ұйқы жетіспейді. Түсірілім түнгі мезгілде болатындықтан, актерлардың жүйке жүйесі аздап шаршаған.

Зарина Кармен, актриса:

- Бір күн әлі дұрыс ұйықтаған жоқпын, оның үстіне біз күнді батырып, таң атқанша түсіреміз түніменен түсіреміз, міне 13 күн болды бүгін ғана міне күндіз түсіріп жатырмыз, оның алдында 12 түн ұйықтаған жоқпыз. Өзіңіз ойлаңызшы, түннің ұйқысы ол бір бөлек, кішкене сандырақтайды екенсің.

Актриса фильм режиссері Ақан Сатаев болғандықтан, ұсынысқа еш ойланбастан, келіскенін айтады. Зарина мүшел жасқа қадам басқан қызының жан түршігерлік жайттарға тап болғанына алаңдап жүрген ананың рөлінде төбе көрсетеді.

Зарина Кармен, актриса:

- Бұл фильм Ақан Сатаевтың фильмі болғаннан кейін, бірден келісімімді бердім. Екіншіден, бұл мен үшін жалпы қазақ киносы үшін жаңа бағыт. Жаңа жанр хоррор дейміз ғой, оның алдында «Дәстүр» фильмі шықты Қуаныш Бейсек түсірген, өте сәтті шықты ол туынды, сондықтан жалпы комедиядан алшақтап, басқа жанрларға бет бұруға біздің кино ұмтылып жатыр, соған мен қуаныштымын.

Туындыда Лаура Құдайберген де бой көрсетеді. Актриса – үй қызметшісінің рөлінде.

- Сіз драмаға түстіңіз, комедияға да түстіңіз, енді хоррорға түсіп жатырсыз. Акриса ретінде мансабыңыз кеш басталғанға қарамастан, режиссерлардың көзіне бірден түсіп үлгердіңіз, осындай сәттілік болады деп күтіңіз ба өзіңіз?

Лаура Құдайберген, актриса:

- Енді әр актердің, әр өнер адамының өзінің бір несі болады ғой, өнерінің бір шарықтайтын шегіне жететін кезі болады ғой. Менің де осы пісіп-жетілген кезіме жеткен шығармын деп ойлаймын. Енді былай енді осындай востребованная болып кетемін деп ойлаған жоқпын енді.

- Жалпы өзіңіз әр рөліңізді беріліп шынайы ойнайтын актрисалардың бірісіз, осы жолы кейіпкеріңіз қандай?

Лаура Құдайберген, актриса:

- Бұл фильмде әншейін нейтральный адаммын. Светлая сторона дейді ғой бір, бір сәуле жарық сәуле, тек қана персонажымды солай көрсетіпті, ал қалғандарын ел адастыру үшін көрерменді адастыру үшін басқаша қылып көрсеткен.

Айдана Шалқар, @aiudna

- Азамат Сатыбалды мен Зарина Карменнің таңғажайып оқиғасына кім кінәлі? Хикаяның соңы не болмақ? Жауабын үлкен экрандардан білетін боламыз.