ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Серік Төлеуханов, ҚР ҰҚК шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы:

Ең маңызды шара бүгін басталды. Жеңіс эстафетасы. Жеңіс эстафетасы Бресс қласынан басталды. Себебі білесіздер сол жерден басталған болатын. Шекарашылар сол жерден қорғап, ен бірінші қарсы алған болатын. Бресс қаласынан бастап, ТМД-ны аралап, 13-сәуір күні Қазақстан шекарасына кірді.

 

28-панфиловшылар саябағында өткен шарада жеңіс эстафетасы Жамбыл облысының шекарашыларына табысталды. Одан әрі Қырғыз Республикасына жолданып, шара 9-мамыр күні Мәскеуде жалғасады екен.

 

Шараға ҰОС-да ерлік көрсеткен және шекара қызметі мен қарулы күштерде еңбек еткен ардагерлер келді. Сондай-ақ, әскери-патриоттық жас шекарашылар клубының мүшелері де қатысты.

 

Балнұр Ахмет, әскери-патриоттық жас шекарашылар клубының өкілі:

Бізде жас шекарашылар әскекри-патриоттық клубы шекарашылардың бір күнімен танысуға, департаменттің шаралара қатысуға мүмкіндік береді. Біз бұдан әртүрлі дүниелер үйрене аламыз. Сондықтан қазір сіздердің алдарыңызда тек оқушы емес, батырлардың ұрпағы екенін сезінетін, жүрекпен түйсінетін адам.

 

Аталмыш шара ҰОС-на қатысқан жеңімпаз жауынгерлердің ерлігіне тағзым етіп, ұрпақ санасына рух беруге бағытталған. Алайда жеңістің 80 жылдығы аясында атқарылатын жұмыстар мұнымен шектелмек емес.

 

Серік Төлеуханов, ҚР ҰҚК шекара қызметі Алматы облысы бойынша департамент басшысы:

Көптеген шаралар атқарылып жатыр шекара қызметінде. Ақпан айынан бастап 80 игі іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Оның ішінде ардагерлерге тағзым ету, ғыолыми-практикалық конференция, ардагерлерге көмектесу, ескерткіштердің жөндеу.

 

Бүгінгі бейбіт күн үшін ардагерлерге қарыздар екеніміз сөзсіз. Сондықтан олардың ерлігін ұлықтау біз бен сізге парыз.

Авторы: Д. Қыдырбек