Евгения Климкова, дизайнер:
– Осы сән күні үшін арнайы келдім. Мен жазға арналған Кэжуал стилінде жасалған топтамаларды әкелдім. Әр киім баланың ішкі жан-дүниесінен хабар беруі маңызды деп ойлаймын. Сондықтан біз тек сәнді емес, ыңғайлы киім дайындаймыз.
Биылғы сән шарасына небәрі 5-10 жастағы дизайнерлер қатысып, топтамаларын таныстырды. Өз брендін қалыптастыруды мақсат еткен балдырғандар ұйымдастырушыларға мүмкіндік үшін алғысын жеткізді.
София Широкова, дизайнер, (Ресей )
Бұл менің екінші топтамам. Мұндағы киімдер ерекше. Себебі олар жарқын. Барлық туындыны мен өзім жасап шықтым. Бұған дейінгі коллекциямда жасыл түстерді қолдансам, бұл жолы күлгін сирень түстеріне басымдық бердім.
Кештің хэдлайнері атану мәртебесі әнші Найляға бұйырған. Экс Кешюлық ару сән көрсетелімге арнайы тректер дайындаған екен.
NAILYA, әнші:
– Бүгінгі шараға қатысқаныма қуаныштымын. Хэдлайнер ретінде алғаш рет шақырту алдым. Осындай жарқын, есте қаларлық сахналық образ дайындап келдім. Қызыл түс таңдауымыз да бекер емес. Қанша дегенмен құштарлықты білдіреді ғой.
Fashion day-де дизайнерлер әшекей мен қолөнер бұйымдарын да таныстырды. Көпті тәнті еткен Қарағанды қаласынан келген сәнгердің көмірден жасалған аксесуарлары.
Ольга Целлер, дизайнер:
Бұл топтама менің қалам жайлы. Мол көмір қазынасы табылған шаһардың тарихынан шабыт алып осындай сырға, сақиналар жасадым. Мұндай әшекейлер әлемде жоқ. Алғаш дайындаған өзім деп айта аламын.
Ақтаулық сәнгер өз топтамасын Алла Елшінге арнаған екен. Кристиан Диордың музасынан шабыт алдым деген дизайнер ұлттық нақыштағы киімдер топтамасын ұсынды.
Аташ Дана, сәнгер:
Шаңырақ оюы болды, қошқар мүйіз оюы, сынық мүйіз оюы. Әртүрлі музей, кітаптарда зерттеу жүргіземін мен. Соларды қостым.
Бірнеше елдің мамандары тәжірибе алмасқан кеш келер жылы да жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.
Авторы: Д. Қыдырбек