Сүйінші! Aport mall East-те су жаңа интерактивті арт-кеңістік ашылды. Alma-Ata Qala space деп аталатын музей қаламыздың тарихына арналған үш негізгі бөлімнен тұрады. Мұнда апорт алмасының пайда болуы жайлы мағлұмат жинап, мегаполисіміздің сәулеттік нысандарының көрнекті үлгілерінен хабардар бола аласыз.
Оксана Танская, өнертанушы, «Alma-Ata Qala Space» арт-кеңістігінің жетекшісі:
– Арт-кеңістіктің атауы - «Алма-Ата Qala Space». Бұлай аталу себебі 1997 жылға дейін қаламыз дәл осылай аталған. Сондықтан музей экспозицияның өзі сол қала туралы естеліктер мен ностальгияға арналған. Бұрын: «Алма-Ата - қала емес, нағыз арман» деп айтатын. Алма-Ата - гүлдер мен бақтардың қаласы. Барлық тақырып небәрі 5 экспозициялық стендке сыйғызуға тырыстық.
Музейдің үшінші бөлімі апорт моллдың тарихына арналған. Мұндағы эскпозициялар арқылы 2009 жылы ашылған отбасылық сауда орталығы жайлы тереңнен біле аласыз.
Оксана Танская, өнертанушы, «Alma-Ata Qala Space» арт-кеңістігінің жетекшісі:
– «Апорт» - бұл бүгінде біртұтас желі. Алғашқы «Апорт» қаладан батыс бағыттағы шыға берісте орналасқан. Ал біз шығыс бөліктеміз. Міне, жергілікті тұрғындар үйден алыс кетпей-ақ тарихқа үңіліп, өнерге жақындай алады.
Alma-Ata Qala space әдеттегі мұражайлардан ерекше. Себебі мұнда келушілерге ешқандай тыйым жоқ. Экспонатты көзбен көріп қана қоймай, қолмен ұстауға да болады. Тыныштық сақтау керек дегенде қатаң талаптар жоқ. Келуші мен экспонаттың байланысы – арт кеңістіктің маңызын айшықтай түседі дейді әкімшілік.
Оксана Танская, өнертанушы, «Alma-Ata Qala Space» арт-кеңістігінің жетекшісі:
– Экспозицияда сол дәуірдің шынайы тұрмыстық заттары ұсынылған. Өздеріңіз білесіздер, қазір жаңа буын балалар мен жастар, дискілі телефонды қалай қолдануды білмей жатады. Ал біздің музейімізге келген адам ескі-жабдықтардың біразын көзбен көре алады. Сондай-ақ экспозицияға біз «Алматылықтың пәтері» деп атаған арнайы бөлімдер енгіздік.
70-жылдардағы Алматыға саяхаттағыңыз келсе, Alma-Ata Qala space сіздер үшін демалыссыз жұмыс істейді. Айтпақшы, Апорт молл әкімшілігі келушілерді шығармашылық кеңістікпен қатар жаңа жылдық сыйларымен де қуантпақ.
Гузяль Сырлыбаева, Aport моллдарының PR менеджері
– 16-27 желтоқсан күндері бізде мерекелік шырша өтеді. Сіздерге аяз ата мен ақшақар, түрлі интерактивтер, артистердің қойылымдары болады.
Дубайға екі адамға арналған жолдама мен ең соңғы модельдегі гаджет иесі атанғыңыз келсе, Aport mall ұйымдастыратын кештен қапы қалмаңыз, көрермен.