Шоу-биз әлеміне к-поп жанрымен аяқ басқан Еско кейіннен бағытын өзгертті. Папа қасыңда, мама сынды тректерімен тыңдарманға танылған музыкант енді көрермен жүрегін рухты әндерімен жауламақ. Күнікеше тәуелсіздікке тарту жасап, Құлагер туындысының тұсаукесерін өткізді.
Тамирис Жангазинова, әнші, актриса:
– Шынымды айтса ойламадым, сондай бір намыс, күш беретін бейне болатынын. Жалпы ұнады, өзім аттарды қатты жақсы көремін, қазақша киімді жақсы көремін, іштегі рухты оятатын тамаша бейнебаян болды.
Ne1tron, музыкант:
– Бейнебаян өте қатты ұнады, керемет шыққан. Бірінші кезекте өте сапалы түсірілген, коммерциялық тұрғыда дұрыс түсірілген.
Олжасхан Қайрат, блогер:
– Заманауи бағытта түсірілген. Түсінген адамға көп нарсе жатыр ғой.
Расында да, Еско-ның су жаңа бейнебаяны жасырын месседжге толы. Айтар ойды тереңнен түсіндіріп, мән-жайды музыканттың продюсері өзі тарқатсын.
Нұрдаулет Бейімбетов, продюсер:
– Әрбір қазақ жүйрік құлагер деген слоган. Соны ашқымыз келді. Идея яғни қазіргі заман мен бұрыңғы заманды салыстырғымыз келді. Патриоттық, социалды проект десек болады. Дұрыс дүние жасап, ұрпағымызға жақсы дүние жеткізіңіз деген ортақ дүние жасап жатырмыз.
Q1esko, музыкант:
– Біздің кішкене болсын ізімізді қалдырайық, үлесімізді тигізейік деген мақсатпен, бірақ жанры әртүрлі болуы мүмкін. Ертең рэп те басқасын да әртүрлі форматты жасай береміз.
Құлагер әнін барлық платформалардан тыңдай аласыз. Рухты ән шабыт сыйлап, жігерлеріңізді оята алады деген сенімдеміз.