«Есте сақта», «Ханшайым», «Жылама жаным» сынды талай хит әндердің орындаушысы әрі авторы Ғаділбек Жанай тыңдарманының басын қосып, ауқымды соло кешін өткізді. Араға 8 жыл салып концерт берген әнші республика сарайын лық толтырып солд-аут жасады.
Ғаділбек Жанай, әнші:
– Көрермен ретінде көңілімізден шықты. Ал өзіңіз өз жұмысыңызға қандай баға бересіз?
– 8 жылдай пауза болған. 2017 де бергем осы залда, содан кейін беріп тұрған концертім ғой. Сондықтан 8 жылдық паузадан кейін сәл толқып, өзім түсінбей тұрмын. Негізі халқымнан айналайын ғой бір сөзбен айтқанда. Жаманымды жасырып, жақсылығымды асырған халқыма рақмет айтам.
Алматы жұртшылығы мен қала қонақтарын қуантқан әнші кешті аяқтай салысымен АҚШ-қа бет алды. Мақсат - қандастарымызды тәуелсіздік күнімен құттықтап, қарагөздерді әнмен сусындату дейді әнші. Алыстағы жақынымызды риза еткен соң, өңір-өңірдегі жұртшылықтың да қамына кіріспек.
Ғаділбек Жанай, әнші:
– Енді өңірді аралап концерт беру ойда бар. Осы көктемде мүмкін күн жылып жер қарайцған соң әлемді аралаймыз.
Соло-кештің жарнамасы жер жарғаны рас. Бұл әдеттегі кештердің бірі емес, спектакль концерт деп атойлаған ұжым қойылым арқылы қоғамдағы түйіткілді мәселелерді көтерген екен.
Аман Гумаров , режиссер:
– Жалпы Ғаділбек ағаның өзінің өмірінен сыр шертетін сәттер бар ма қойылымда?
– Мынадай оқиғаны қостық. Ғаділбек ғаа өзі айтқанда анасына қатысты нарсені айтты. Анасы қайтқанда көкесі хабаралсып Ақтауға келе бер дейді да. Солай келді дейді да. Анасының жерлеуіне бара алмаған, қоштаса алмаған.
Әннің шығу тарихын да қойылым арқылы әсерлі жеткізуге тырысқан. Осылайша көрерменге авторлардың еңбегін кеңінен таныстыруды мақсат еттік дейді.
Бақытгүл Серікбаева, актриса:
– Әрине тыңдаймын. Мен өзім лирикпін, Ғаділбек ағаның барлық әнін жатқа білемін десем болады. Дайындық басталған кезде барлық әнін жатқа айтып ностальгия болды ғой.
Жанды дауыста өткен кеш көрерменнің көңілінен шыққанын аңғару қиын емес. Еңкейген қария да, еңбектеген бала да дән риза.
– Әкеңді бүгінгі кешімен құттықташы қане?
– Әке, құттықтаймын. Біз әрқашан бақытты болайық. Отбасымызды қуантайық. Осы концертке баға беріп кетіңіздер!
– Келесі жүздескенше сау болыңыздаар!