Tik tok live fest! Анара Батырхан Таиландта өткен стримерлер байқауында жеңіске жетті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Таиландта өткен Tik Tok Live Fest-ке аттанған Анара Батырхан елге жүлделі оралды. Әлемнің ең мықты стримерлері бақ сынаған байқауда аруымыз жеңіске жетіп, 1-орынды қанжығалады. Көк туымызды көкке көтерген қызымызды жанкүйерлері назарсыз қалдырмады. Әуежайдан күтіп алып, құшақ-құшақ гүлдерін ұсынып, жылы лебіздерін жаудырды.

Анара Батырхан, тележүргізуші, блогер:

Көп рақмет! Бұл жылына бір рет болатын, live fest деген конкурс. Өзім бірінші рет қатысып, ән айтып, топ талантта бірінші орынды алдық. Таиланды шулаттық!

 

Байқаудың келесі кезеңі Америкада өтеді. Лас-Вегаста ұйымдастырылатын жарысқа қарқынды дайындалып жатырмын дейді Анара.

Анара Батырхан, тележүргізуші, блогер:

Лас-Вегасқа ақпан айында барамыз. Ол жақта масштабнее болады. Ол жақта дүниежүзілік стримерлер жиналады. Және менің білуімше әлемнің ең атақты музыканты ән шырқайтын сияқты. Алдыңғы жылы Джейсон Дурула өлең айтқан болатын. Биыл Анара Батырхан ба десең...

 

Расында да Анара Америкадағы ең атақты сахналардың бірінде өнер көрсетпек. Әдемі дауысын стрим арқылы тыңдаған оқырмандары енді жанды дауыста шырқағанына куә болмақ

Файзуллахан Аюпқызы, ТikTok оқырман:

Мен Анараның командасына 2 жыл бұрын қосылдым. Ол өте жарқын тұлға. Осы қасиетінің арқасында көрерменді өзіне магнитше тартады. Әрі қарай да тик-токтағы қауымды қуанта берсін дегім келеді..

 

Үлкені де, кішісі де Анараның эфирін асыға күтетіндерін жасырмайды. Тіпті қарсыластарға есе жіббермесе екен деп тақым қысып отыратын көрінеді.

Данияр, ТikTok оқырман:

Мен эйбит командасына 1 жылдан асты. 5х-қа кірмей қалса уайымдап кетеміз.

 

Тик-ток қаржы көзі екені жасырын емес. Алайда Анара платформаны ақша табу құралы ретінде қарастырмаймын дейді. Басты мақсатым: «қазақ өнерін әлемге таныту» - дейді.

Анара Батырхан, тележүргізуші, блогер:

Бір ойын деп түбінде Пхукеттен, Америкадан шыққаным қалай болды? Шынымен де TikTok мұндай әлем деп ойламадым. Басында отырдым ойнап, сосын түсіндім бұл жақта үлкен кілт жатыр да дүниежүзінің есігін ашатын. Әсіресе әртістер үшін.