Танымал әнші Тұрар Рамазан Амантайдың жаңа фильміне шақырту алғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Картина таспалаудан қолы босамайтын Рамазан Амантай күні кеше тағы бір туындысының тұсауын кесті. Басты рөлде кинопродюсердің өзі және Бақытгүл Серікбаева. Комедия мен драма жанрлары тоғысқан «Қолымнан ұста» фильмнің идеясы актриса Баконайға тиесілі екен.

Рамазан Амантай, кинопродюсер, актер:

Өзі түсетін болды сөйтіп. Енді ол образға Баконайдан басқа енді біреу келеді деп ойламаймын мен.

 

Аталмыш фильм ауқатты отбасынан шыққан Мейіржан мен Арай есімді жетім қыздың таныстығынан басталады. Кейін аспан әлемінің тылсым күштерінің әсерінен екеуінің қолдары жабысып қалады. Бұл олқылықты түзетуге талпынған жастар әбден әбігерге түседі.

Бақытгүл Серікбаева, актриса:

Фильм адамдарға өмір сүруге деген үлкен мотивация береді. Шын мәнісіне салыстырмалы түрде қарағанда біздің өміріміз кей адамдардың өміріне қарағанда әлдеқайда шүкір болуы мүмкін. Сондықтан түймедей нәрсені түйедей қылмау керек деген сияқты мағынада.

 

Рамазан Амантай фильмнің сценарийі өзіне арнап жазылғанына қарамастан, түсірілімнің алғашқы күні рөлден бас тартқан. Оған себеп:

Рамазан Амантай, кинопродюсер, актер:

Дәл осы киноға салмағыма байланысты түскім келген жоқ. Өзіме ұнамай, дәу болып тұрмын. Түспеймін дедім. Түсірілімді кейінге шегереміз. Басқа актер тауып, тек сосын кіріскім келді.

 

Жұмыс процесі тоқтағаннан кейін, шығармашылық ұжым жаңа актер іздеуге кіріскен. Рамазан Амантайға тиесілі рөлін ойнау бақыты әнші Тұрарға бұйырмақ болған. Алайда:

Тұрар Ыдырыс, музыкант:

Негізі осы киноның басында маған Рамазан осы киноға түс деген. И сосын андай графикпен сәйкес болмай қалды да. И бүгін түсе салуым керек еді деп ойланып қалдым, иә.

Яғни өкініш бар ғой?

Иә.

Десе де, бұйырған кетпейді. Кинопродюсердің әріптесі Баконай Рамазанды көндірген екен.

 

Бақытгүл Серікбаева, актриса:

Менің ойымша бұл фильмге Рамазан түскені керісінше жақсы жағынан әсер етті. Өйткені, сол оқиғаның арқасында біз бұл жерде адамның салмағы туралы да әңгіме айтамыз.

 

Шығармашылық ұжым фильмнің маркетингіне де ерекше көңіл бөлген. «Қолымнан ұста» картинасының саундтрегін бұрын соңды ән айтпаған актерлер орындап, көрерменін таңқалдырды. Ал тректің әуенін танымал әнші Садраддиннің өзі жазып берген болып шықты. Сонымен қатар, ол музыкант бұл жұмысына ақы да алмаған.

Рамазан Амантай, кинопродюсер, актер:

Садраддинде тума таланты бар. Хитті қатты сезеді. Осы керек досым дедім. Палуан осы керек. Бірден шығара қойды. Ол тіпті ойланған жоқ.

Нұрболхан Шарапов, актер:

Корей дорамалары сияқты фильм негізі. Қыз бен жігіт болып жүріп жүрген жандар болтын болса, «Қолымнан ұста» фильмін көруге шақырамын баршаңызды.

Санұржан Сүлейменов, актер:

Иә, ұнады. Рамазанның шығарып жүрген киноларын әйтеуір үзбей көруге тырысып жүрміз. Осы киноны Баконаймен бірлесіп істегені сезіледі. Өйткені, шығармашылығымен, ниетімен көременге жетіп.

Қабдол Тілеков, әзілкеш:

Күшті, күшті. Маған Рамазанның әзілдері өте қатты ұнады. Рамазан уже жатып алған. Жатып алғаны бір бөлек. Уже киноның ішінде импровизация тығады.

«Қолымнан ұста» фильмінің басты месседжі – өмірді сүю, арайлап атқан әр таңның қадірін білу. Бюджеті 150 миллион теңгені құрайтын картина Рамазан Амантайға қыруар қаржы әкеле ме кен, ол болашақтың еншісінде.