Bota Mia әншілік мансабын қолға алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Блогерлер эстраданы бағындыруға білек-сыбана кіріскен бе дерсің. Басым бөлігі ән жазып, тректерін хит қылуға қамданғалы қашан. Sabina SSS бастап, Әнел Кенжебекова қостаған тізімді енді Bota Mia жалғамақ.

Bota Mia, әнші:

- Кәсіби әншілерден маған негізі Мөлдір Әуелбекова бір-бірімізге подписан болғанбыз. Сол кісілерден ұяламын. Сөздің ашығы. «Мыналар қайда жағаласып жатыр» деген сияқты ойлап қалады ма деп.

Ақбота бір жыл бұрын Қырғызстандық танымалмен фит жазған еді. Енді соло шығармашылығын қолға алуға бекінген блогер алғашқы трегін red flag жігіттерге арнаған.

Bota Mia, әнші:

- Көп қыздарда red flag болды негізінде. Менде де бір оксичные отношения болды. 2021 жылдары. Барлық қыздың өмірінде болған және қыздарға мотивация бергім келді. Текста қарасаныздар «мен сені қаламаймын, өзімді бағалаймын». Көп қыздар осы өлеңді айтқанда өздерінің самооценкаларын көтерсін деп, машинада қосып қойғанда. Бір сондай мотивта жазылған өлең.

Тыңдарман әннің әр сөзіне мән берген. «Қайта жолықтырса кездеспес ем» дегенді құлағы шалған көпшілік бұл өлең жолдарын экс-жігітіне арнаған деп болжауда.

Bota Mia, әнші:

- Бұл әнді Асқар тыңдаған жоқ. Бір-бірімізге подписанбыз ғой. Сол айтып қою керек еді сториста жаным саған емес деп.

Бота Қырғызстанда өткен «Блогер fest»-те дебют жасап, әнінің тұқсауын кесті. Концерттен соң мерекелік кештерге тапсырыстар түсіп жатқанын жасырмады. Ұсыныстарға ашықпын, бірақ гонорарымды белгілемедім дейді.

Bota Mia, әнші:

- Прайс жағын мен қатты қымбат қоя алмаймын. Өйткені қатты қымбат қою үшін ол достойный нәрсе болуы керек. Ол хит болуы керек. Ол тек ғана менің оқырмандарыма жәй ғана беретін контент болды. Шақырып жатса өзім барып қайтамын ол да маған контент. Өйтіп көп ақша сұрап ондай жоқ.

2 миллионға жазған су жаңа трегі әлі платформаларға жүктелмеген. Mood video мен snippet дайын болған соң тыңдарманыма ұсынамын дейді.