Халықаралық премьера. Көпшіліктің көзайымына айналған «Пейіш» фильмінің жаңа бөлімі үлкен экранда!

Сообщить о проблеме с эфиром

2024 жылы қырғыз елінің «Пейіш» фильмі миллиардтан астам касса жинап, көптің көзайымына айналған еді. Бүгінде аталмыш картинаның екінші бөлімі жарық көрді. Күні кеше жоба авторлары Қазақстанның мәдени астанасында лентаның тұсауын кесті.

Эмиль Эсеналиев, (Қырғыстан) актер:

Екінші бөлімде әлбетте алғашқы туындыға ұқсас оқиғалар бар. Біра тап осы жолы сюжет желісі басқаша өрбиді.

Жалпы Пейіш 16 елде түсірілген еді. Ал екінші бөлімі қанша елде түсірілді. Қандай локациялар болды?

4 мемлекетте. Жұмыс барысы жақсы болды. Қырғызстанда ,Қазақстада, Минскте және Белорусияда. Ал қозғалу, ары-бері ұшу жағынан бізде келеңсіздік орын алған жоқ. Өткені біздің командаға нағыз профессионалдар жиналды.

 

Фильм қазақстандың көрерменнің де жүрегінен ерекше орын алғаны соншалықты, жұмыс процесі кезінде жергілікті халық актерлік құрамды бірден танып, түсірілім тобына бар жағдай жасаған көрінеді.

Эмиль Эсеналиев, (Қырғыстан) актер:

Таразда елдер албай қолдуду. Биринши сьемка күні бизге поездегі бір вагон керек болып Таразда. Би вагондұғу пасажерлар отырған Қазақ ели бизи көрүп сүйиніп «А Пейштің тартқан балдары екинчи» деп вагонды бостап берди да.

Айта кетейік, екінші бөлім шетелдік актерлермен толыққан. Мәселен стендап-комик Алексей Щербаковқа картинадағы эпизодтық рөл бұйырған. Бір қызығы, бұл әзілкештің дебюттің жобасы.

Алексей Щербаков, (Ресей) стендап-комик:

Ұсыныс келді. Фильмнің бірінші бөлімін көре сала, бірден келісімімді бердім. Бәрі өте жақсы өтті. Нағыз кәсіби мамандармен жұмыс істедім. Бір күнде өзімнің кішкентай эпизодымды ойнап шықтым.

 

Актерлік мансабын енді қолға алған комиктен гонорар жайлы сұрап едік, ол жайлы сөз қозғаудың да қажеті шамалы екенін жеткізді. Ал кәсіби актер Станислав Бондаренка болса бұл халықаралық жобаның өзіне көп пайдасын тигізгенін тілге тиек етті.

Алексей Щербаков, (Ресей) стендап-комик:

Мен гонорар сұрамадым. Түсірілім көп күнге созылса мейлі, эпизодтық рөлге көлемді қаламақы сұрағаным жарамас еді. Ал райдеріме келсек, ол бір бөтелке су ғана.

Станислав Бондаренко, (Ресей) актер:

Екінші бөлімде жағымды кейіпкерлер өте көп. Картина қамқорлық, жанашырлық сынды адам бойындағы болуы қажет құндылықтарға толы.

 

«Пейіш 2: Анама хат» танымал драманың жалғасы. Екінші бөлімде басты кейіпкерді жаңа сынақтар күтеді. Оған көптеген қиындықтарды еңсеріп, ішкі тіректі қалыптастыру қажет. Алайда бұл оның қолынан келе ме? Жауабын 12-ақпаннан бастап үлкен экраннан біле аласыз! Ал дәл қазір фильмді алғашқылардың бірі болып тамашалағандардың пікірін тыңдайық.

Damelya Sweet, блогер:

Міндетті түрде келіңіздер. Особенно мама папамен. Ең маңыздысы ол анаға енді сыйластық пен махаббат деген тема ашылды.

Асқар Оразбаев, блогер:

Пейіш 2 фильмі өте керемет. Өте жүрекке жететіндей қылып түсірген. Біріншісі күшті болады ғой негізі фильмдердің екіншісіне қарағанда. Бұл фильмде екеуі де. Қатты әсерлі болды енді мәә. Шынымен.

Медет Жанғабай, актер:

Ананың қадірін, ананың балаға деген махаббатын терең түсіндірген фильм болды. Кәдімгідей жүрекке жеткізіп. Өте әсерлі кәдімгідей. Бірнеше рет жылап қалайын деп, жылап алдық та еще соңғы жағында.