Бұл Роза Қуанышқызын әлемге танытқан ән. 1977 жылы Болгарияда өткен «Золотой Орфей» фестивалінде қаршадай қазақтың қызы «Әлия» әнін айтып сынға түсті. Бұған дейін қанша әншінің репертуарында болса да, Роза Рымбаеваның орындауындағы баллада сарыны ғана Молдағұлованың ерлігін паш еткендей әсер қалдырса керек, әділ-қазылар бір ауыздан бас жүлдені берді. Осылайша Рымбаева өзін ғана емес, қазақтың әнін де КСРО кеңістігіне паш етті. Міне сол өрімдей бойжеткеннің сахнада жүргеніне биыл 50 жыл. Ол осы аралықта жас таланттан қазақ ән өнерінің примадоннасына айналды.
Жұбаныш Жексенұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Роза Рымбаева бұл қазақ эстрадасы, қазақ әні деген ұғым. Біз үшін. Біз бала жасымыздан кішкентай кезімізден бұл есімді біздің жадымызда және мәңгі тек ғана менің емес. Бұл қазақ тұрғанша қазақтың есінде тұратын есім. Роза Рымбаева бұл бренд.
Өмірін өнерге арнаған Рымбаева мерейтойын көрерменімен атап өтті. Өзі алғаш сахнаға аяқ басқан Республика сарайының төріне шығып есеп беру кешін өткізді. «Концертті қос ұлым ұйымдастырып, мерейімді асырды!» - дейді Роза Қуанышқызы.
Мәди Рымбаев, музыкант:
– 50 жылдық ол жәй ғана сан емес. Оны міндетті түрде атап кету керек деген идея болды. Бәріміз білдік осындай концерт болатынын. Осылай шықты. Бүгінгі концерттің форматы ерекше.
Әдетте әншілер қонақтар тізімін алдын-ала жариялайды. Мұндағы мақсат солд-аут жасау. Бірақ, Рымбаевтар жарнамада жас әншілер келетінін хабарламады, аға буын өкілдерінің де өнер көрсететінін жасырды. Себебі, Роза-ның әнін естуге асық тыңдарман бар екенін білді. Солай болды да. Екі сеанста да залл тыңдарманға лық толды.
Диана Исмаил, музыкант:
– Бүгін Роза Қуанышқызының «Ғашықпын» деген әнін орындадық. Өте керемет ән. Өзін енді «менің репертуарымнан бір ән таңдап ал!» - деді. Сөйтіп мен осы әнге тоқтадық. Мен енді лирика айтамын ғой негізі, басқа да жанрды да көрдік. Сондықтан бүгін билеп тұрып шырқадық.
Қазақ эстрадасының примадоннасы new school өкілдерімен коллаб жасады. Жақында ғана Colours шоуына шығып шулатқан Еңлікпен репертуарындағы бір әнді ерекше сарында орындады. Содан соң сіңілілеріне сахналық киімдерін сыйға тартты.
Кеш Александр Беляков бастаған симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Еркін Ынтықпаев біраз шығарманы күйсандығымен әрлегенін де айта кетейік. 35 жылдан бері иық тіресе жұмыс істеп келе жатқан әріптестер бұл концертті де сәтті аяқтады.
Еркін Ынтықбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор:
– Шымылдықты «Ертеңіме сенемін» әнімен жабамыз. Бұл әнді Розаға арнап жазғанмын. Ол өміріндегі қиын кезеңді бастап өткеріп жүрген кезде осылайша қолдадым. Бүгін осы әнді Әли Мәдимен бірігіп шырқамақ.
Кеш бойы тыңдарманына алғысын білдірді. Өнерімен гүлденетін, Қолынан келсе әлі де қазақ мәдениеті үшін еңбек етуден аянбайтынын айтты. Отбасына рақметін жеткізді. Сахнаға жетелеген жары Тасқын Оқапов жайлы айтқанда көзіне жас алды. Содан соң