Сабина Мовлаеваға қалталы азаматтың демеушілік етіп жүргені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жақында ғана Сабина Мовлаева Таиландта «Көзіме ғана» атты жаңа трегіне муд-видео таспалаған еді. Енді желі жұлдызы онымен шектелмей, аталмыш әнге «dance» форматта сниппед түсіруде.

Қазір байқап жатырмыз жалпы әншілер бейнебаяннан гөрі муд видео көбірек таспалайды. Неліктен?

Sabina SSS, блогер, әнші:

Муд видео арзанырақ. Бірақ, енді бағасы үшін емес, жылдам деп ойлайтын шығар өнер адамдары.

 

Сабина түсірілімге дизайнерлік 2 образ дайындаған екен. Ал биге 2 апта көлемінде жаттыққан-ды.

 

«Көзіме қара, көзіме ғана!» Сабинаның дәл осылай әндетуі жайдан жай емес. «Желідегі оқырман көбіне менің мүсініме баға беріп, тіпті хейтті жаударып жатады. Жаңа әнім сол жандарға арналады», дейді блогер.

Спорт залға аптасына неше рет барасыз? Диета ұстайсыз ба?

Sabina SSS, блогер, әнші:

Диета ұстаймын дегенде ұстамаймын. Бүгін түнде 3 бәліш жеп ұйықтадым. Шынымен келсем анам істеп қойған, бірақ көп жемеуге тырысамын. Ал фитнеске аптасына 4 рет барамын.

Қанша уақыт болды айналысқаныңызға?

8 жыл. Әйтпесе мені жасанды деп ойлайды ғой… Фитнеске барып көріңіздер. Сосын айтасыздар, жасанды ма, жасанды емес пе

 

Көрермен әлеуметтік желіде блогердің сырт келбетін ғана талқыламайды, оның қалтасын да сөз етеді. Мәселен, көпшілік Сабинаның ай сайын ән жазып, муд видео таспалауы «ауқатты ағаларының» арқасында деп ойлайтындар да аз емес.

Sabina SSS, блогер, әнші:

Ондай хаттаре көп келеді. Менің демеушім болса, күшті болушы еді негізінде. Қазір барлығын өзім төлеймін.

 

Дегенмен, өзің би, өзің қожа болғанның да артықшылықтары бар көрінеді. Мәселен:

Sabina SSS, блогер, әнші:

Бір жағынан табыс түсіп жатқанда, тек өзіңе аласың. Еркіндік бар. Өзің қалаған уақытта, көңіл-күйіңе қарап жасайсың деген сияқты. Әзірге әншілік қатты ақша әкелмей жатса да, сенім басымырақ қой.

 

Бүгінде Сабинаға түсіп жатқан ұсыныстардың легі азаяр емес. Тіпті тапсырыс берушілер оның сұраған гонорары қаншалықты жоғары болса да төлеуге дайын екен.

Sabina SSS блогер, әнші:

Қазір көбіне кеш жүргізушісі және әнші деп шақырады. Енді екі есе сұрайсың ғой ондай кезде. Тойларға да көп шақырады.

Арнайы талаптарыңыз бар ма «Мен мынандай кештерге бармаймын» деген сияқты?

Жабық кештерге шықпаймын. Бұрында «ФМ»-де шықтық қой. Қазір шықпаймын жалғыз өзім.

 

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы!» Кім білсін, ән саласын бағындыруды мақсат еткен Сабинаның да тілегі орындалып, бір күні ол да аренада концерт берер!