Қайрат Нұртастың қызы Алау хэйттен шаршағанын жеткізді!

Celebrity child harassment! Танымалдардың балаларына бағытталған қудалауды ғылыми тілде осылай атайды. Бұл құбылыс Голливудта белең алғалы қашан. Тіпті осы онлайн өшпенділіктің салдарынан әлемдік жұлдыздар балаларын тасада ұстауды ұйғарған. Мәселен, Ким Кардашьян қазір кішкентайларының суретін жүктемейді. Әлеуметтік желідегі парақшалары да жабық. Мұндай шешімге келуіне бір кездері оқырман тарапынан жасалған қоқан-лоқы себеп болған. ...