Араға 7 жыл салып продюсері Баян Мақсатқызына оралған экс-кешьюлік Элизат жақында шығармашылығын қайта қолға алған еді. Содан бері, «Өзіңе» және «Париж» атты тректерін жазып, оған муд-видео түсірді.
– Жақында үшінші ән шығады. Енді оны бұйырса оразадан кейін көрсететін боламыз. Тайландтан келдім екі күн бұрын. Сол әнге көп әдемі әдемі локацияларда сниппедтар түсірілді. Фотосессиялар жасалды. Бір айға күшті контенттер жасадық.
– Сіз тек қана әнші ғана емес, актрисасыз ғой. Ұсыныстар түсіп жатыр ма?
ELIZAT, әнші:
– Ұсыныстар түсіп жатыр. Ең соңғы ұсыныс боди массажистка болған. Содан кейін мен жоқ деп айттым. Енді мен түссем, тек қана главная героиняларға түскім келеді. Өйткені оның алдында да менде сондай болып жүрген.
Еске салайық, Элизат бұған дейін бірнеше жобаларда актриса ретінде бой көрсетіп, көптің көзайымы болған еді. Өнер иесі, «сұраныс көп болғанымен, кез-келген фильмге түсе бермеймін» дейді.
ELIZAT, әнші:
– Мен осыған дейін рөлдерімнің көбісін қарасам, сондай бір стерва қыздардың рөлі. Енді актриса болғаннан кейін мен де бір қарапайым қыздың рөлін ойнап көргім келеді. Бір ауылдан шыққан, жылайтын, сондай бір аянышты аяйтын сондай әдемі сюжеті бар сондай фильмдерге түсіп көргім келеді.
– Ал бірге ойнап көргіңіз келетін актер бар ма немесе актриса?
– Еркебұлан Дайыровпен мүмкін. Берік Айтжанов. Мен әдемі актерлермен ойнағым келеді. деп күледі.
Талай қыздың жұлдызын жаққан Баян Мақсатқызы бекіткен келісімшарттың уақыты бітпейінше, қарамағындағы арулардың күйеуге шығуына рұқсат жоқ екені бәріне мәлім. Білуімізше, қыздар бұл заңға қарсы шығатын болса 100 миллионның көлемінде айыппұл төлейді.
ELIZAT, әнші:
– Баян Мақсатқызының айтқан бір сөзі бар: «Элизат, если ты на этот раз уйдешь, только миллиардер может тебя забрать» деп. Сол сияқты тек қана миллиардер ғана алып кете алатын шығар енді.
Алайда, бүгінде Элизаттың алға қойған мақсаты ақ көйлек жар атану емес, сахна жұлдызы болу.
ELIZAT, әнші:
– Бірақ, шынымды айтсам мен контракт бұзғым келмейді. Осы жолы мен аяғына дейін өзім жұмыс істегім келеді. Өйткені мен сахнадан бір рет кетіп көргеннен кейін, мен енді сахнадан қайтадан кеткім келмейді. Махаббат та, бәрін паузаға қойдым. Қазірге менде жұмыс.
Иә, сылқымның бар фокусы – шығармашылығанда. Ендеше, сәттілік Элизат.