Бірнеше ай бұрын кастинг өткізген Алуа Қонарова іріктеуді аяқтап, жаңа girls band-ін жасақтады! Мыңдаған қыздың ішінен үздік 6 аруды таңдаған екен.
Алуа Қонарова, продюсер:
– Таңдау жасау қашан да қиын. Оның үстіне үміткерлер көп болса іріктеу екі есе күрделене түседі. Ал біз Қазақстан бойынша мыңнан астам өтініш келіп түсті. Харизмасы да, вокалдық қабілеттері де,биге икемі болуын да ескердік. Интеллект болуы міндетті, әрине.
Алуа ханым бастаған ұжым 3 кезеңнен тұратын кастинг ұйымдастырған еді. Алғашқы күні-ақ үздіктерді таңдап, оларды 3 топқа бөлді. Қыздар вокал, хореограф мамандармен дайындалып, түрлі тапсырмаларды орындады. Осылайша 16 ару таңдалып, бір ай бойы сынға түсті. Нәтижесінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар 6 қыз лейбл құрамына кірді.
Алуа Қонарова, продюсер:
– R&B, хип-хоп жанрындағы жоба жасақтағым келеді. Яғни, мен музыканың түп-тамырына оралмақпын. Сапалы әуен жасаймын.
Алуа Қонарова уақыт жоғалтпай битмейкер, госрайтер және саундпродюсерлермен кездесу өткізген. Бірден бағыты бір мамандармен қол алысып, ортақ жұмыс істеуге келіскен екен.
Алуа Қонарова, продюсер:
– Біз бірлесе жұмыс істемекпіз. Ақназ музыкалық продюсері болады. Батыр қоюшы режиссер.
Алуа Қонарова арнайы деректі фильм түсіріп, көрерменді әр кезеңнен хабардар етуде. Қазір іріктеу толығымен аяқталды. Сондықтан таңдалған 6 мемберді тыңдарманға кезекпен таныстырып жатыр. Бізге белгілі топ мүшелерін атап өтейік. 18 жасар Ақтаулық Сатыбалды Ақнұр, Өскемен қаласының тумасы Жеңісқанова Сабинова мен Алматылық Рахимова Еркежан. Іріктеуден сүрінбей өткендердің бірі Мариям Серікпиева. Ару кастингте-ақ көзімізге түсіп, тілдескен ек.
Мариям Серікпиева, іріктеуден өткен қатысушы:
– Кішкентай кезімізден AIUMI, RENZO, RINGO-ны тыңдап келе жатырмыз. Кастингті көрген соң бірден қатысып көруге шешім қабылдадым. Осы топтардың шығармашылығы ұнағандықтан, өзім де бақ сынап көргім келді.
Girls band әзірге дебют жасаған жоқ. Десе де продюсер топты толығымен жасақтады. Жақынырақ танысар күнді асыға күтеміз.