Белгілі кинопродюсер Құралай Анарбекова кезекті жобасы «№2 подъезд» толықметрінің түсірілімін бастап та кетті. Шығармашылық ұжым лентаның идеясын 120 нұсқаның ішінен таңдап алған-ды.
Құралай Анарбекова, кинопродюсер, актриса:
– Жаңа жылға таман мен көрерменнің назарын қуанышқа бөлегім келеді. Сондықтан да жаңа жылдық оқиға түсіріп жатырмын. Өте күлкілі комедия. Жақсы туынды болады деген үміттемін.
Нақтырақ айтсақ, бұл толықметрдің түсірілімі 2019 жылы бастау алған. Алайда белгілі бір жағдайларға байланысты жұмыс процесі тоқтаған.
Құралай Анарбекова, кинопродюсер, актриса:
– Өйткені, карантин бітті. Өзектілігі болмады. Сондықтан да біз сценарийді жанадан өзгерттік. Жаңа актерлар, жаңа кейіпкерлер қостық. Енді сценарий өзіме қатты ұнайды. Өзіме ұнағаннан кейін көңілімнен шыққаннан кейін түсіреміз деп шештік.
Ал фильмнің сценарийі бір емес бірнеше маманның қолынан өткен-ді. Картина карантин кезінде 4 пәтердегі түрлі кейіпкерлердің басынан кешкен шытырман оқиғаларын баяндайды.
Әшім Ахметов, актер:
– Кеше үшінші этаждан құлады. Біреуі шатырдан құлап кеше басын жарып деп өтірік айтып жатсаң. Қызық болып жатыр жалпы...
Құралай Анарбекова, кинопродюсер, актриса:
– Екі дос екі жезөкше шақырмақшы болады. Сол кезде әйелі келіп қалады. И сол үйді карантинге жауып тастайды. Барлығы бір үйде тұрады. Ең қызық жайты ол сол бір жөзкше жанағы келіншегінің подругасы болып шығады.
Түсірілім тобы локация іздеп, алысқа ұзап әуреленбеген. Бірақ бүгінде олар барлық уақытын декорация салумен өткізуде. Бұл процестің өзіне 60 миллионға жуық қаражат жұмсалыпты мыс. Ал фильмнің жалпы бюджеті:
Құралай Анарбекова, кинопродюсер, актриса:
– Енді жұмыс процесі өте қарқынды жұріп жатыр. Декорацияны сындырамыз, өртейміз. Ол өздерініз білесіздер қырғын ақша. Егер біз мұндай фильмді 1 жыл бұрын 150 миллионға түсірсек, қазір деген енді 30 пайыздай үстіне қосылды ғой.
Әр туынды да аңа есімдердің жұлдызын жағуды көздейтін кинопродюсер, бұл жолы да сол әдетімнен танбадым дейді. Алайда көрерменнің көзайымына айналған актерлер мүлде жоқ деген сөз емес. Олардың бірі Әшім Ахметов Нурс, ал Азамат Ырзағалиев Марат есімді кейіпкерлердің рөлін сомдайды.
Әшім Ахметов, актер:
– Мінезі өзін өте ақылды санайды. Бірақ ақылды емес. Өмірдегі өкінішті жағдай сол ғой. Адамдар өзін ақылды санауында.
Азамат Ырзағалиев, актер:
– Өзі не десем болады өзі бастығын жақсы көреді. Кішкене жағымпаз. Кішкене дауласады. Жындылау кішкене Бәріне 15 суткы деп айқайлап жүреді. Сондай.
Айта кетейік, фильмге 10 басты кейіпкер бекітілген. Бірақ Құралай Анарбекова бұл жолы эпизодтық рөлді қанағат еткен. Себебі:
Құралай Анарбекова, кинопродюсер, актриса:
– Өзім ойнаймын. Кішкентай ғана рөл. Мен продюсер ретінде фильмнің мәніне көп назар аударып жатырмын.
Ендеше толықметр бұл жолы да ұзақ уақыт сандықта жатпай, өз уақытында көрерменге жол тартады деген сенімдеміз.