Шеслана Құсаинова, тілші:
– Жарқ етті де жоқ болды! Белгілі рэп орындаушы, танымал музыкант Дархан Джуздың көз жұмғанына дәл бүгін 3 жыл болды! Шағын кеңістікте ұйымдастырылған Дарханның ескі алу кешіне мыңнан астам адам жиналды. Тіпті жақындарының өзі бұл концертте ине шаншар орын болмайды деп күтпеген… Бұл тыңдарманның Дархан Жүнісбековтың шығармашылығына деген құрметі мен шексіз махаббатының көрінісi…
Darkhan Juzz «Үйде», «Шекер», «Бәрі музыкант» сынды хит тректер арқылы көпшілікке танылған музыкант. Ол өзіне ғана тән ерекше стилімен талай жанның жүрегіне жол тапқан рэпер. Жаңа үнтаспасы жарық көрер алдында, шетелде бой сергітіп қайтуды көздеген өнер иесі, Таиланда жол апатына ұшырап, сол күйі тіл тарпай кеткен еді...
Майра Жүнісбекова, Darkhan Juzz-дың жары:
– Дархан құдды бір іс-сапарға кеткендей және жақын арада оралатындай болып көрінеді...
Жары Майраның «Дарханым өлмеді. Ол тірі. Ол мына тұрған әрқайсыңыздың жүрегіңізде мәңгі өмір сүреді!» деген сөзінен соң, музыканттың жанкүйерлері еріксіз көзіне жас алды.
Tavat, блогер, биші:
– Әрдайым бізге ауыр тиеді. Бірақ біздің көндігуден басқа амалымыз жоқ. Ол үнемі энергетикамды, потенциалымды мақтап отыратын. Оның әр сөзі менің жүрегімде.
– Мен Дарханың 8-сыныптан бері фанатымын. Міне 6 жыл өтіп жатыр жанкүйер болып келе жатқаныма. Жалпы Дархан деген ол жай ғана есім ғана емес бұл із.
– Жеке мен үшін Дарханның әндері сөзінде көп мағына бар. Және де әр әнде өзінің сезімін білдіре алады.
– Дарханның ерекшелігі Қазақстанға жаңа дем алып келді! Көптеген әртістерге жол ашты.
– Барлық әнін жатқа білеміз. Ол біз үшін парыз деп айтсақ болады.
– Менің жүрегімде мәңгілі қалатын артист деп айтамын.
Концертті марқұм рэпердің музасы өзі ұйымдастырған. Кеште артистің фанаттары кумирінің, ал ұлы мен қызы әкесінің әндерін шырқады. Бір емес, бірнеше мәрте...
Майра Жүнісбекова, Darkhan Juzz-дың жары:
– Бұл сәтте біз көз жасымызды әрең ұстадық. Менің ұлым мүлде жыламайтын еді. Бірақ өздеріңіз көрдіңіздер, ол да бұл кеште көз жасына ерік берді.
Әди Жүнісбеков, Darkhan Juzz-дың ұлы:
– Рақмет сендерге келгендерің үшін. Осы кешті жақсырақ істегендерің үшін.
Айдана Жүнісбекова, Darkhan Juzz-дың қызы:
– Осы кеш өте жақсы өткен.
Бүгінде өнер иесінің атұстары мен кестетігері әкесінің шығармашылығын жалғастырмаққа ниетті. «Тіпті оларға қарағанда күйеуімді көргендей боламын», дейді Дарханның жары Майра Жүнісбекова.
Майра Жүнісбекова, Darkhan Juzz-дың жары:
– Адика артист болғысы келеді. Білесіз бе ол Дарханға қатты ұқсайды. Мінезі, ән айтқаны, пианинода, барабанда ойнағаны әкесінен аумай қалған. Қызымыз да қазіргі кезде рэптің мәтінін жазады.
Дархан шығармашылығына әрдайым үлкен маххаббатпен қарады.Ол өнермен өмір сүрді. Рэпердің жүрекпен жазған туындылары жүрекке жеткенін, тыңдармандарының әр әнін жатқа білетінінен-ақ аңғарасың.
Бүгінде музыканттың еске алу кеші Алматы, Астана және Шымкент қаласында өтіп үлгерді. Бірақ бұл соңы емес...
Майра Жүнісбекова, Darkhan Juzz-дың жары:
– Біз Ақтау мен Атырауға баруға дайындалып жүрміз. Сол жақтың тыңдарманы «Бізге қашан?» деп жиі жазады. Олардың қатарында Қызылорда мен Қарағанды да бар.