ТМД-ға танымал актер Рузиль Минекаев «Черный двор» фильмінде бой көрсетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Черный двор». Бұл жас таланттардың бағын жаққан, ТМД жұртшылығының назарын аударған жоба. 2023 жылы жарыққа шыққан веб-сериал биыл толықметр ретінде таспаланып, 12-наурыздан бастап үлкен экранға жол тартпақ.

Игорь Цай, «Salem Entertaiment» бас продюсері:

Бұл веб-сериалдың жалғасы. Халық жақсы танып үлгерген кейіпкерлердің оқиағасы әрі қарай қалай өрбитінін біле аласыз. Осылайша сериал желісі ақырындап толықметрге ұласады. Бірақ бұған дейін бұл жобаны көрмегендер де фильмді бірден түсініп кете алады. Еш уайымдамаңыздар!

 

Отандық және қырғызстандық киногерлер бірігіп таспалаған жоба талай өнерпаздардың бағын жақты десек артық айтқанымыз емес. Рауан Ахмедов, Дамир Амангельдин, Айбар Салы, Ақжол Прімбетов бастаған жігіттер өздеріне тапсырылған рөлді тиісінше сомдап, көрерменге кеңінен танылды. Кіл мықтылар жиналған кастқа биыл ТМД-ға танымал Рузиль Минекаев та қосылды. «Слова пацана» картинасының жұлдызы ұсыныс түскенде, қуанғанын жасырмады.

Рузиль Минекаев, актер: (Ресей)

Мен бұл жобаны бұрыннан білемін. Сондықтан қуана-қуана келістім. Әрине, алдымен алғашқы маусымын толығымен көріп шығып, сосын сценариймен, маған берілген кейіпкермен таныстым

 

Salem Entertaiment-ке Рузиль Минекаевты көндіру қиынға соқпаған. Жаңа кейіпкерді сеніп тапсыруға бекінген соң, бірден келіссөз жүргізуге кіріскен екен.

Игорь Цай, «Salem Entertaiment» бас продюсері:

Біз бұл ұсыныс Рузильді бей-жай қалдырмайтынын білдік. Және бұл рөл оған сай келді. Біз қателеспеппіз. Ол біздің dream team-ге оңай сіңісіп кетті.

 

Қылмыс әлемінің серкелеріне еліктеп, ақша табуды көздеген бестіктің оқиғасы веб-сериалда қалай аяталғаны баршаға мәлім. Енді түрмеге тоғытылғандар толықметрде темір тордан құтылудың жолын іздеуге кіріспек.

 

Оқиға желісі түрмеде өрбитін болғандықтан фильм темір тордың ар жағында түсірілген. Түзету колонияларындағы қатаң ережелер шығармашылық ұжымның жұмысын біраз қиындатқан көрінеді. Бірақ сапалы туынды ұсынуға барымызды салдық дейді.

Рауан Ахметов, актер:

Бастапқы, бастапқы 1 апта өте қиын болды. Бастапқы күндері қорқынышты болды. Бірақ, кейінірек үйреніп кеттік.

Ақжол Пірімбетов, актер:

Өте ауыр болды. Денсаулығымыздың 50 пайызын сол түрмеде қалдырып кеттік қой.

 

Фильм экшн-сахналарға толы. Актерлер каскадерлерлердің көмегіне жүгінбеген. Салдарынан Рауан Ахметов азын-аулақ жарақат алғанын жасырмады.

Рауан Ахметов, актер:

Бізде Банзай атты кейіпкер бар. Сонымен біздің төбелесіміз бар, өте ұзақ өте қиын төбелестердің бірі. Көрсеңіздер түсінесіздер. Ол жақтаандай бір трюктар бар неше түрлі. Оның барлығын өзім жасадым. Бір жерінде ғана ауысқан жоқ. Қалған жерде аунап-құлау, биіктен секіріп құлау деген сияқты, оның барлығын өзім істедім.

 

Бұзақыларға еліктеген жасөспірімдердің оқиғасы қалай өрбімек? Жауабы үлкен экранда.