Шеслана Құсаинова, тілші:
- Көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, рейтингімен топ жарған НТК арнасының «Мошенники» жобасы қайта оралды! Бірақ сериал форматында емес, толықметражды фильм ретінде. Лентада алаяқтардың қандай айла-тәсілдері әшкереленеді? Бұл туралы сәлден соң бірге білетін боламыз!
«Мошенники» - НТК арнасында жоғары рейтинг жинап қана қоймай, онлайн платформаларда әр бөлімі кемінде 5 миллион қаралымға ие болған бұрын соңды теленарықта болмаған тың жоба! Шығармашылық ұжым бұл жолы премьерада «Өзіміз отырып шәй ішемізге» салмай, картинаны қарапайым көрерменмен бірге тамашалады. 10-нан астам кинозалдың барлығы аншлаг болуы, жобаның сұранысқа ие екенін айқындап бергендей.
Рүстем Омаров, идея авторы, актер
- Прежде всего, план болды. Бірінші сериал түсіреміз, потом кино түсіреміз деп. Қиын болды, бірақ. Өйткені, біз 63 күн түсірдік.
- Нақты қиындықтарды айтып кетсеңіз, қай жағынан қиын болды?
- 63 күн ол өте қиын. Күнде съемка. Локациялар көп болды, қиын болды. Күнде 6-да тұру керек, съемкаға бару керек. Еще паралельно, сценарий жазамыз, сол қиын болды.
- «Мошенники» фильмы басқа елдерде көрсетілетіні рас па?
Олжас Нұрбай, режиссер
- Рас, бүкіл ТМД-да көрсетеді. Кәдімгідей, ресми үлкен прокатқа шығады. Біздің осы жолғы ең басты, мақсаттармыз орындалды.
Бүгінде алаятық еліміздегі белең алған ауқымды мәселе. Туындыны жүзеге асыру барысында, киберқылмыстың қыр-сырын зерттеген режиссердің өзін бұл қиындық айналып өтпеген.
- Көрерменді алаяқтарға алданбауға үйретіп жүрген Олжас Нұрбай өзі алаяқтарға алданып көрді ма?
Олжас Нұрбай, режиссер
- Иә, дәл қазір, менде сот болып жатыр. Сол алаяқтық схемасымен келген бір дүние. 2 жылдан кейін шықты арты. Енді,оны мен пока жария етпеймін, дегенмен алдандық.
2 маусым бойы түрлі салада орын алып жатқан бассыздықты ашып көрсеткен жоба фильм арқылы банктердің құпияларын әшкерелейді.
Олжас Нұрбай, режиссер
- Менің ойымша,біраз банктер бізге есігін жауып тастайды ау, осы кинодан кейін. Сәл бізді жек көріп.
- Премьера құтты болсын, білеміз күйеуіңіз режиссер, кастингтен өттіңіз бе?
Ұлболсын Шалқарова, актриса
Олжас Нұрбай, режиссер
- Өте ризамын әйеліме, қатты дайындалды. Қатты дайындалды, протиптарын тапты, прическасын өзгертті. Я горжусь ею.
Каст құрамына таңдалған Ұлболсын Шалқарова, Батыр Байназаров және Меруерт Қульсартова алаяқтардың образында. Олар банк ашып, халықтың қаржысын жымқыруды көздейтін Дамирдың сенімді командасына енбек.
- Арнайы шақырту қабылдағанда қандай әсерде болдыңыз?
Батыр Байназаров, әнші, актер
- Әрине, қуанышты болдым, әрине бақытты болдым, бұл менің кішігірім арманым болды. Арманым орындалғаннан кейін күшті сезім де болдым, тем более осындай үлкен масштабты, шулы, күшті танымал жоба болғандықтан, мен ерекше бақытты болдым.
Ал түсірілімнің негізгі бөлігі Ыстамбұлда өткен. Өзге елде көпшілік сахнаны жинау міндеті актриса Меруерт Қульсартоваға сеніп тапсырылған. Бір қызығы «Шыда» телехикаясы арқылы танылған жас актриса туындыда кастинг директоры қызметінде.
Меруерт Қульсартова, актриса
- Мен түрік тілін білгеннен кейін,ол жақта таныстарым болғаннан кейін, адамдар іздеп, 50 адам массовка іздеп, негізі көмектескенім бар осы жобаға.
- Қиын болған жоқ па?
- Қиын болды негізі, өйткені ол жақтарғы адамдар басқа, менталитет басқа. Оларға кішкене қатты сөйлеп қойсаң, олар кетіп қалады.
«Көп асқанға – бір тосқан»! Осыған дейін жалғанды жалпағынан басып келген Дамир қателік жібереді. Соның кесірінен қауіпті адамның қолына түсіп, оған бар шындықты айтуға мәжбүр болады.
- Мен бұл жолы жоспардың бір бөлігі болсам да, бірақ көлеңкеде қаламын. Біз Дамирды ұстаймыз ба, жоқ па? Бұл кинода жасырылған құпия.
Азиз Бейшеналиев, актер
- Мне очень понравился фильм. Я шел сюда, предвкушая,что это будет классная картина. Я не ошибся.
Baha Puper, блогер
- Фильм ұнады, шыны керек, шыңымен ұнады. Потому что, сериалын полный көріп тастап, осы фильмды қатты күттім.