2024 жылы камбэк жасап, сахнаға қайта оралған Балжан Бидаш, енді өзін жаңа қырынан сынап көрмек. «Су жаңа топтамалар дайындап, дизайнер ретінде танылсам», - дейді өнер иесі. Еске сала кетейік, 2019 жылы әнші жеке киім сататын дүкенін ашып, сол кезден-ақ дизайнерлікке бейімділігі бар екенін көрсеткен. Алайда, шығармашылыққа толығымен көңіл бөлгенім дұрыс деп кәсібін тоқтатқан.
Балжан Бидаш, әнші
- Мен жақында ою-өрнектер жайлы оның мән-мағынасы жайлы үлкен кітап сатып алдым. Бір кездері менде сондай бір идея болған, қазақ оюынан күнделікті киетін костюмдер шығару. Жеңіс спортивный костюмдер шығару деген сияқты идея болған.
Дәл осы «OSEK» әнінің тұсауы үш ай бұрын кесілген еді. Әр сахналық образының мінсіз болуын қалайтын Балжан, стилистердің көмегіне көп жүгіне бермейтін көрінеді. Оған дәлел бейнебаяндағы құрбысы Фариза екеуінің аутфитын бастан-аяқ өзі жинақтаған. Кішкентайынан сәнге жақын ерке сылқым: «болашақ коллекциямда ұлттық ою-өрнек элементтері міндетті түрде болады», - дейді.
- Өте бұл негізі терең тақырып деп айтсам болады. Өйткені әр оюдың бір мәні бар. Екіншіден ол киімді киген кезде қалай көрінеді. Басқа адамдар біздің оюымызды киген кезде тамсануы керек және тамсанған кезде олар да кию керек.
Экс-«KeshYOU» ару үшін стильді киіну жай хобби емес, жанына жақын істердің бірі. Сахна сұлуының айтуынша: «біржола сән әлеміне бет бұрмаймын, өнер әрдайым бірінші орында тұрады. Бірақ, жоспарым жүзеге асса, отандық дизайнерлер арасындағы бәсекелестік артып, халықтың стиль мен талғамға деген сұранысы өсері сөзсіз», - дейді. Кім білсін, бәлкім бұл топтама тек елімізде ғана емес, ТМД кеңістігінде де өз бағасын таба жатар.
Балжан Бидаш, әнші
- Жалпы дизайнерлік менің бойымда бар. Бірақ мен өзім жан дүнием музыканы қалағандықтан қазір сол бағыттамын. Енді білмеймін мүмкін шабыт ашылып жатса бір дем ашылып жатса оны да көрерміз.