Әбілмансұр Серіков, Шерхан Пірназар, Рауан Ахмедов! Жас актерлер енді жаппай шәкірт тәрбиелеуге кірісті

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде шәкірт тәрбиелеу киножұлдыздар арасында трендке айналды. Танымалдар бірінен соң бірі жарыса мектеп ашуда. Алғаш болып бұл тенденцияны актер Шерхан Пірназар 2024 жылы өнер ордасын ашып бастаған болатын.

Шерхан Пірназар, актер

Біз ашылдық. Ашылғаннан кейін барып, бізден көшірген өнер мектептері де бар енді. Біз оның бәріне бізден көшіріпсің деп айтпаймыз ғой. Біз бірінші боп бастадық. Ары қарай енді мақұл кім ашса да, ол ашсын енді.

Шерхан Пірназар, актер

Біздің өнер мектебіміз сияқты Алматы қаласында өте көп. Бірақ менің принцип дейді ғой. Біздің талап өте қатал. Иә, басқа өнер мектептері енді көріп жүрміз ғой жұмыстарын енді. Әрине көңілден шығатыны бар, шықпайтыны бар енді.

Жеке өмірімен де, өнерімен ел аузында жүрген Әбілмансұр Серіков те өнердегі әріптесі Шерхан Пірназардың айтқан пікірмен келісетінін жасырмады.

Әбілмансұр Серіков, актер

- Біреуге күл шашқаным емес енді. Школа көбейіп кетіпті. Жалпы қарасам. Бірақ, оның арасында жұмыс жасағандары да бар, жұмыс жасамағандары да бар.

Ұстаз болуға, шәкірт тәрбиелеуге дайынсыз ғой?

Әбілмансұр Серіков, актер

- Дайынмын деп ойлаймын. Енді осы күнге дейін азды көпті жұмыс жасадық. Былай қарасам санап көрсем 24 жыл жүрген екенмін кинода. 6 кластан бастап. Анда түстік, мында түстік...

Иә, Манс та ұстаздық етуге шешім қабылдаған. Оған себеп 20 жылдан астап кинода жинаған тәжірибесі. Әбунасыр Серіковтың ұлының айтуынша бүгінде өнер академиялардағы берілетін білім жүйесі әлсіз.

Әбілмансұр Серіков, актер

- Бірақ неігізнде бізде біз академияда оқыған кезде былай камерамен жұмыс істеу, киноға түсу ондай сабақ болған жоқ. Енді сол площадкада жүргеннен кейін, көргеннен кейін тәжіриебеммен бөлісейін деп..

Әбілмансұр Серіков бұл бастаманы соңына дейін апармақ. Өнерге қызығушылығы оянған шәкірттерге заманауи талаптарға сай білім беруге әзір.

Әбілмансұр Серіков, актер:

- Біздікі енді ең бастысы адал. Біреудің несін жеу емес, уақытын алу емес. Бұл жерде біздің де уақыт, біздің де еңбек. Ешкімге ештеңе обещать етпейміз. Біздікі бағыт бағдар көрсету.

Әбілмансұр Серіков жалғыз емес. Жанына «Черный двор» жобасымен танымал Рауан Ахмедовты да қосып алған. Оған тек кино кеңістікте емес, «Зулейха» спектаклі арқылы театр әлеміндегі тәжірибесі де себеп болған.

Еске салайық, арулардың крашы Рауан небәрі 23 жаста.

Рауан Ахмедов, актер

- Мысалға мен күнде білім жинаймын. Иә мысалы киноға түсемін, мысалы режиссерлармен жұмыс істеймін, олардан бір білім аламын. Сол білімді адам нақты нығайтып, қатайтып мына өзіңде қалдыру үшін басқа біреумен бөлісу керек. Бөліскен кезде ол адамның бойында қалып қалады ол нәрсе.

Неліктен нақты Рауан? Неліктен басқа адам емес?

Әбілмансұр Серіков, актер

- Жалпы жұмыстарын көрдім. Тиянақтылығы бар, жауапкершілігі бар. Бойында таланты бар. Өзімнің замандастарыма өзім түсіндіремін. Оның өздерінің құрдас замандастарныа ол өзі дұрыс жеткізе алады ау деген мақсатпен алып отрымын.

«Жас келсе іске», - демекші, серілеріміздің бастамасына сәттілік дейміз!