ИК жанкүйерлеріне жағымды жаңалық. Жігіттер жақында су жаңа альбом ұсынбақ!
Алдияр Жапархан, «ИК» тобының мүшесі:
– Жаңа альбом шығайын деп жатыр. Бұйырса 10 өлең 90 пайызға дайын тұр. Біз өстік біздің мәтіндеріміз өзгереді кейбір тректерде. Бірақ, сол баяғы ИК ғой. Бұйырса барлық жерді барамыз
Альбомға енген 10 тректің бірін ерекше атап өтті. ИК МузАрт тобымен фит жазған екен. Ешкім күтпеген коллаб десек артық айтқанымыз емес.
– Музарт ИК-ның бағытына ыңғайласты ма? Әлде сіздер ағалардың жанрында ән айтасыздар ма?
Алдияр Жаппарханов, «ИК» тобының мүшесі:
– Бір ортада кездескен сияқтымыыз...
Ұсыныс білдірген ағалары. Інілер ізеттілік танытып сөзге келместен дайындыққа кіріскен екен.
Алдияр Жапархан, «ИК» тобының мүшесі:
– Біз әйтеуір ұсыныс түскеннен кейін, жауапкершілікпен қарап, кавер жасамай, хит қыламыз деп шештік. Рухты көтеретін өлең. Біздің рэп партияларымыз бар. «Лаула» деп аталады өлең. Басыңды көтер. Өрле, лаула деген жастарға арналған ән.
Азамат Маркленов, «ИК» тобының мүшесі:
– Әннің мағынасы ондай ма екен не мен әннің мағынасы мүлдем басқалай ойлап жүрмін ғой.
– Сіз қалай түсіндіңіз?
– Оны айтуға болмайды.
– Ендеше біз өзімізше бағамдап көроейік.
Сөздің реті келген соң Кешю мен коллаб жайлы да сұрадық. Естеріңізде болса, Баян Алагөзова жігіттерге қолқа салып, герлз бендімен фит жазуын өтінген еді. Алайда ИК бұл ұсыныстан бас тартқан. Сонымен азулы продюсердің ұсынысын қайта қарау жоспарда бар ма?
Алдияр Жапархан, «ИК» тобының мүшесі:
– Шыны керек КешYou-ден ұсыныс жеке өзім есімде жоқ ұсыныс түскені. Баян Мақсатқызымен таныспыз, өте қатты құрметтейміз. Бірақ жеке бізге былай ешкім шыққан жоқ.
– Шықса «иә» дер ме едіңіздер?
– КешYou мен бе? Жанар, Айдана, Камшат болғанда, әрине.
– Қазіргі құрамға?
– Қазіргі құрамды қатты құрмететймін, бірақ танымайды екенмін шыны керек.
ИК 2023 жылы аренаны толтырғаны есімізде. 12 мың адамдық зал аса қызық емес, ендігі меже орталық алаң дейді жігіттер.
Алдияр Жаппарханов, «ИК» тобының мүшесі:
– Бізге стадион ғана қызық
– Қашанға жоспарлап отырсыздар?
– Бір құдай біледі, альбом шыққан соң оны қалай халық қабылдағанын көру керек