Танымал киножұлдыз Берік Айтжанов жаңа жобасына тегін түскен бе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық киноиндустрия тағы бір мелодрамамен толықты! Күні кеше «Күзгі самал» толықметрінің премьерасы өтті. Картина қырғыз жазушысы Тәліп Ибраимовтың «Старик и ангел» шығармасы желісінде таспаланған. Идея авторы – Тасболат Мерекенов, ал басты рөлде - Берік Айтжанов.

Сұраныстағы актерсіз ғой. Кез келген жобаға келісе бермейсіз. Бұл жобаны таңдауыңызға не себеп болды?

Берік Айтжанов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Ең біріншіден осы жобаның продюсері Тасболат аға. Тасболат Мерекенов. Біз ол кісімен бір-екі жобада жұмыс істегенбіз. Сондықтан ол кісінің бір ауыз сөзі. Ол кісінің повестті оқып, сол сценарийге сенгені мені де сендірді.

Гонорарыңыз бен райдеріңізді білсек бола ма?

Оны міне продюсерім тұр сол кісіден сұрасаңыз болады.

Тасболат Мерекенов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, кинопродюсер:

Берік Айтжанов енді ол кімге қымбат, кімге қымбат емес. Бірақ біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы да. Өте сыйлаймын, ол мені сыйлайды. Содан кейін отырып сол переговор дейтін бар. Отырып әңгімелестік. Келісім берді. Айтпай ақ қояйын қанша екенін.

Яғни жеңілдік жасады ғой?

Ол көп алған жоқ.

Берік Айтжанов фильмде 60-ты алқымдаған әкенің рөлінде. Үш баласы ер жеткен уақытта актердің кейіпкері Сейіт жарынан айрылып, қатты күйзеліске түседі. Алайда ол күтпеген жерден Маргарита есімді 20 жасар аруды кездестіреді.

Берік Айтжанов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Махаббат немесе сезім жағын алып қарайтын болсақ, әрине адам өзі қартайса да сезімі ешқашан қартаймайды. Бірақ, сол сезімнің артында үлкен жауапкершілік тұр. Соны ұмытпаса болды.

Сіз бір сұқбатыңызда айтып едіңіз, «Барлық кейіпкерім маған жақын. Бір ұқсас тұстары болады,» - деп. Бұл фильмдегі кейіпкеріңіз сізге қаншалықты жақын?

Мен сценарийді оқығанда, бірден кейіпкердің жақын алысын бірден айта аламын. Маған өзіме ұқсас, менімен үндес болатын тұстары көп болады. Таңдаған кейіпкерлерімде.

 

Берік мырзаның фильмдегі ғашығын сомдау киноиндустриядағы жаңа есім Камила Фун-Соға, ал досының рөлі Ғани Құлжановқа бұйырған.

Камила Фун-Со, актриса:

Мен Берікпен бірінші рет жұмыс істедім. Жұмыс процесі өте жеңіл әрі шынайы болды. Менің ойымша өте жақсы коллаб болған сияқты.

Ғани Құлжанов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Менің кейіпкерім антагонист. Сондай бір қалай айтсам екен, өзінің бір пайдасын беретін, өзінің қалай айтсам екен, өзінің пайдасын біліп, өзінің құндылығы үшін бәріне баратын адам.

 

Лентаның бюджеті 200 миллион теңге. Шығармашылық ұжым фильмді Ыстықкөлде таспалауға шешім қабылдаған. Айта кетейік, актерлер үшін -25 градус суық суға түсу қиындық тудырған. Себебі барлық сахнаны дублерсыз өздері орындаған-ды.

Камила Фун-Со, актриса:

Бұл менің басты рөлдегі түсірілген бірінші жобам. Ыстықкөлдің суық суына түсу оңай болмады әрине. Ең қиыны менің кейіпкерімнің батып кететін сахнасы болды. Мен 3-4 метрге дейін су астына сүңгідім.

 

Шын ғашығын бірі кеш, екіншісі ерте жолықтырған Сейіт пен Рита алда күтіп тұрған ащы шындықты қабылдай ала ма? Бір мезетте жария болған құпиялардың салмағын олардың көтеруге шамасы жете ме? Жауабы үлкен экранда!

 

Автор: Ш. Құсаинова