Moldanazar Music Label-ының артисі Орынхан концертін әріптестерінсіз өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде инди-фолк жанрында ән айтатын өнерпаздардың қатары көп емес.Олардың бірі Орынхан Рахымбеков. 2020 жылы музыканттың «Dárymen» атты альбомы жарық көрген еді.Содан бері оның жеке фан-базасы қалыптасты. Moldanazar-дың төл шәкірті биыл да әдетінен танбай, соло концертін берді.

Сіздің көңіліңізден шықты ма ән кешіңіз?

Orynkhan, музыкант:

Иә, көңілімнен шықты. Барлығы ойдағыдай. Асып түсті десем де болады. Әр концерт өзінің ерекшелігімен байқалады ғой. Сол үшін бұл концерт өзінің бір жүрегімде бір орны бар десем болады.

 

Иә, Орынханның авторлық туындылары әртүрлі тақырыпты қозғайды. Оның әндері тыңдарманның болашаққа деген үмітін оятса, енді бір тректері ғашық болуға жетелейді.

Білуімізше сіз лирикаға көбіне жақын екенсіз. Неліктен? Осының бір себебі бар ма?

Orynkhan, музыкант:

Лирикаға ән жазу ең жеңілі сол шығар. Интроверт адамның әндері десем болады. Сондай мұңды әндер маған жеңіл жазылады. Сол үшін мұңды әндерім көп шығар.

 

Концерт толығымен бэндтің сүйемелдеуімен өтті. Трек-листтегі 19 әнді Орынхан түгелдей жанды дауыста орындап шықты. Сонымен қатар, бұл кеште ол «Тек сен» және «Уақыт шексіз бе?» атты жаңа туындыларының тұсауын кесті.

Бүгін қонақ жоқ екен. Ол сіздің ұстанымыңыз ба? Біз көп байқаймыз негізі кеште көп қонақ болмайды сізде?

Orynkhan, музыкант:

Осы жолы осылай жасап көргіміз келді. Әннің саны жеткілікті болды бір жағынан. Толыққанды. Программамыз өзімізге ұнады. Мүмкін осылай жасап көрмеске деп. Сондай.

Білуімізше, сіз өзге артистермен коллаб жасауға қарсы емес екенсіз. Кімдермен фит жазғыңыз келеді?

Қазбек Құрайышпен мүмкін. Иә, бір кездесуде айтып қалғанбыз мүмкін ән жазып қаламыз ба деп. Енді соны тек жүзеге асыру ғана қалды. Бір соған келетін бір ән жазуым керек.

 

Иә, кім біледі бәлкім Орынханның келесі кешінің қонағы Қазбек Құрайыш болып қалар.

 

Орынхан жыл сайын соло кешіне дайындалғанымен, ол осыған дейін тек Астана мен Алматы тұрғындарын ғана қуантумен келеді. Шығармашылық жолында өзге өңірлерге сапар шекпеген музыкант, бұның себебін де ашып айтты.

Orynkhan, музыкант:

Үлкен командамен сахнада өзіңіз көргеніңіздей 9 адам. 9 адаммен үлкен турға сәл шығу қиындау. Есеп бойынша, болмаса локация, дыбыс жайында деген сияқты мәселелер бар. Енді ақырындап ақырындап шығуға ниетіміз бар шынымен.

Ал бұдан да үлкенірек, кеңірек аудиторияда концерт беру ойда жоқ па?

Келесі кезекте иә мүмкін Республика сарайында жасайтын шығармыз. Енді менің өсуім жалпы шығармашылық, музыкант ретінде аудиториям неғұрлым көп өссе, соғұрлым үлкен жерге де жасай береміз. Одан қорқып тұрған жоқпыз ешқандай. Стадион болсын, барлық жерде жанды дауыста, осы музыканттармен ойнап шығамыз 200 пайыз.

 

Орынхан тыңдарманын өзге әлемге алып кететін қабілеті бар ерекше артист. Ғажайып атмосфераға бөленген жанкүйерлері, кеш соңында артистке алғысын жаудырумен болды.

Көрермен пікірі:

Концерт өте күшті болды. Әсіресе жанды дауыста болғандығы және де музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен. Барлығына өте қатты дайындалғаны, өте махаббатпен жасалғаны көрініп тұр.

Жалпы мен Орынханның шығармашылығымен ертеден бері қатты қызығушылығым артқан және де осы концерттен кейін менің жүрегім әлі де лүпілдеп тұр.


 

Автор: Ш. Құсаинова