Тұрар аспан асты елінде соло кешін өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тұрар Қытайда соло-кешін өткізді. Музыкант Үрімжіде 2 күн қатарынан концерт берген екен.

Тұрар Ыдырыс, музыкант:

5 мың адамдық аренада, 2 сеанс концерт бердік. Біз өзіміз де таңғалып қалдық по идее. Не деген көп тыңдарман деп...

Басым бөлігі қазақ диаспорасы болды ма? Сондағы шетелдік тыңдармандарыңызда бар ма екен?

Ол жақта көбінесе қазақтар, ұйғырлар бар. Ұйғырларда көп болды. Сол жақтарла Қытай барлығы бірге араласатын болғаннан кейін общий музыка тыңдайды. Сондықтан, барлығы қытай болды деп айта алмаймын. Бірақ, ұлттың да өкілдері болды.

 

Тұрар солд-аут болады деп күтпегенін жеткізді. Ұйымдастырушылар ұсыныс білдіргенде біраз қорыққанын да жасырмады. Алайда арена көрерменге лық толды дейді.

Тұрар Ыдырыс, музыкант:

Біз басқа елде концертті өзіміз барып жасай алмаймыз. Ол жақтағы организаторлар болады. Солар шақырады. Олар қарайды, кім актуальный деген сияқты ғой. Сосын бізге ұсыныс келді, келесіңдер ма деп. Енді, өздеріңе сендер сенімдісіндер ме деп сұрағанымыз жасырын емес. Сенің тыңдармандарың көп бұл жақта көп. Бардық, жинап, жиналды. Сосын біз андай в приятном шоке болып қалдық.

Тұрар Ыдырыс, музыкант:

Бұл шығармашылық үшін қадам ба әлде пайда таба алдыңыз ба бұл кештерден?

Пайда таба алдым. Пайдасыз ешнәрсе істемеймін мен. Мен для рейтинга концерт беру, билет тегін таратып беру деген білмеймін. Тек пайда табатын жерде ғана.

 

Тұрар Қытаймен шектелмек емес, алда тур ұйымдатырып, алыс-жақын шетелдерді әніммен тербеймін дейді.

Тұрар Ыдырыс, музыкант:

Енді, айтып жатырсыз ғой мен ол жақта осыншалықты сұранысқа ие екенімді білмедім деп. Мүмкін, тағы басқа алыс-жақың шетелдерге сапарлатып барып қайтасыз?

Иә, бару керек. Өзбекстанға бару керек. Қырғызстанға бару керек. Біз әлі барған жоқпыз. Сол жақтарға бару керек.

 

Тұрар - сұр бойдақтар қатарындағы сері. Әңгіменің реті келген соң тізімдегі орынын қашан босатарын да сұрадық. Үрімжідегі қаракөздеріміз көңілінен шыққан болар деп дәмеленіп ек.

- Таппадыңыз ба?

Тұрар Ыдырыс, музыкант:

Жоқ, тапсам айтамын.

Қандай адам керек?

Күшті

Күшті деген қандай?

Білмеймін. Енді, әркімнің өзінің дайындап қойған суждено дейді ғой. Сол тағдыр болады деп ойлаймын. Тағдырмен, тағдырымның бұйырғаның кездестіремін деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін күткенге дейін күшті адам шығар, вау деп қаласың.