«Баяғыдай», «Жіберем қалай?», «Оп-оңай». Тыңдарман сөзін жатқа білетін, әуені басталса әндете жөнелетін бұл хиттердің орындаушысы да, авторы да Думан Марат. Қызығы, халық тректерін білгенімен, өзін аса танымайды. Музыкант осы олқылықтың орынын толтырып, енді есімін де брендке айналдыруға бекінген. Алғашқы қадам - соло концерт ұйымдастыру. Дейді нью скул өкілі.
Думан Марат, музыкант:
– Көбінесе демей-ақ қояйын. Бірақ, адамдар әнімді біледі кейде өзімді білмейді. Сол үшінде өзімді көрсетейін деп өзіме де бір мақсат қойдым.
Думанның жанкүйерлері оның авторлық қырын жақсы біледі. Өз репертуарындағы әндерден бөлек, талай танымалдар орындап жүрген хиттер де Маратұлының қаламынан шыққан. Нью скул өкілі концертінің екінші бөлімінде әріптестерінің қоржынына өткен өз әндерін шырқады.
Думан Марат, музыкант:
– Себебі, бұл менің ең алғашқы жеке концертім болғаннан кейін. Ең бірінші бұл енді таныстыру ғой. Таныстыру болғаннан кейін, ең алғашқы жеке концертім болғаннан соң өзім айтқан дұрыс деп ойладым.
Думан Марат, музыкант:
– Концертке біз қателеспесем ақпан айынан бастап дайындалған болатынбыз. Бірақ енді қызу дайындық осы 1 айдың көлемінде болды ғой, қызу дайындық. Бәрі ойдағыдай шықты деп ойлаймын, көрермендерге, тыңдармандарға ұнады деп ойлаймын.
Музыкант республика сарайының сахнасын танымастай өзгерткен. Лэд экран, жарық, ерекше декорация – бәрі бір-бірін толықтырып, Думанның перформансын әсерлей түскен. Шығармашылық жолында қаржы аянып қалмадым дейді сері.
Думан Марат, музыкант:
– Иә, мен ойлағаннан да көп кетті. Бірақ, айтпай ақ-қояйын. Бірақ мен ойлағаннан да көбірек кетті.
Музыкант мұнымен тоқтап қалмақ емес. Енді өңір-өңірдегі көрерменге жүзімді көрсетіп, өзімді кеңінен таныстырамын деп әзілдеді.
Думан Марат, музыкант:
– Басқа қалалар болады. Бірақ, әзірге білмей тұрмын. Дегенмен міндетті түрде болады басқа қалалар. Қазір біз тек Оңтүстікпее шектеліп тұрмыз. Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларымен. Жол түсіп жатса барамыз. Себебі, қазір ойланып жатырмыз. Ойлану үстіндеміз. Мүмкін күзде болып қалуы мүмкін.
Турды аяқтаған соң, жаңа альбомның қамына кіріспек. Ендеше сәттілік тілейміз!
Көрермен пікірі:
– Бізге концерт өте қатты ұнады. Құрбыларымызбен келіп өте керемет естелік алып қайттық және де оның шығармашылығы өте қатты ұнайды бізге.
– Мен негізі Думан Маратты 2022 жылдан бастап тыңдаймын.
Жалпы мен Думан Мараттың бастапқыда хэйтері болғанмын. Кейіннен оның әндерін сүйіп тыңдап, енді тыңдарманы болып кеттім.
– Думанның өнеріне өте қатты тәнтімін десем де болады. Алдағы концерттерінде сәттілік тілеймін!
– Негізі кейбір әндері болмай қалды. Күткен әндер. Жалпы маған ең қатты ұнайтын ән бұл «Асықпай» деген ән.
Автор: Д. Қыдырбек