Музарт фест, Қайрат Нұртастың концерті. Ұлы Дала Баласы Төреш аренада өткен шаралардың қонағы болып, өнердегі достарына қолдауын аямауда. Ал өзі қашан стадионда соло кешін беріп, тыңдарманын қуантады екен?
– Қашан өзіңіз концерт бересіз? Стадионда
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Құдай қаласа. Оның да ауылы алыс емес деп ойлаймын. Қанша рет талаптанып, қанша рет ниеттенгенмін осы Алматы аренасы болсын, басқа жерге де.
– Иә, Төреш әріптестері секілді 12 мың халықты жинауды мақсат тұтып, тіпті шығындалып та үлгерген. Бірақ өкінішке қарай...
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Тіпті мен осы аренаның жалға алу құнын төлеп қойғанмын. Ол қайда былтыр ма? Енді сабақты ине сәтімен дейді ғой. Сәлемі де сәтімен дейді. Құдайдың қалаған күні болатын шығар.
– Неліктен болмай қалды? Оның үстіне төлеп қойсаңыз?
– Әртүрлі жағдайлар. Кейде концертті жасайтын ұйымдастырушы көңілден шықпай тұрады, кейде өз өзіңнің көңіліңнен шықпай тұрады деген сияқты.
«Сабақты ине сәтімен» деп өзін жұбатса да, өкінішінің жоқ екенін артист жасырып қалмады.
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Бір орайды күтіп жүреміз ғой біз. Сол дұрыс емес екен негізі. Бірнәрсені бірнәрсеге байламау керек екен. Бәрін қосып бір күні, алтын жұмыртқа туам деп бір тауық өліп кетіпті деген сияқты. Алтын жұмыртқаны күтудің қажеті жоқ екен.
Бірақ бәрі алда деп үміттенеміз! Жақында ғана 7-ші сәбиі дүниеге келген көпбалалы әке Төреғали Төреәлінің жоспары көп сыңайлы.
– Жаңа әндеріңіз қашан шығады? Жаңа туындыларыңыз? Толқын жарыңызға арнап қашан әндер шығарасыз тағы да?
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Сол Толқын демекші, сол Толқынның босанып алғанын күттік қой бәріміз, ел боп жұрт боп. Енді кірісеміз. Ән де шығады. Бас аман болса, бәрі болады.
Автор: Ш. Құсаинова