Zein! Садраддиннің су жаңа альбомы чарттардың төрін босатар емес.

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Садраддин 2 жарым жыл дайындаған альбомын жарыққа шығарды. Үнтаспасына жүрегінен шыққан 10 трегін қосып, ән-жинағын Зейін деп атаған. Себебін былай түсіндірді.
Sadraddin, музыкант:

Мен осы 10 әнге барлық құштарлығымды және барлық зейінімді қосып жаздым. Сіздер де, тыңдарман да зейінін қосып тыңдаса деген мақсатта, ниетте атын қойғанмын. Тұңғыш альбомым болғандықтан Зейін деп атауды шештім..

 

Альбомына енген тректер топ чарттар мен танымал хостингтерде көш бастап тұр. Тіпті шазам қосымшасында ең көп ізделген әндер тізіміне де енген.

 

Музыкант альбомының тұсаукесерін листенинг пати форматында жасап, билеттерді тегін таратты. Тыңдармандары бұл мүмкіндікті құр жібермей, 12 мың адамға арналған аренаны лық толтырды.

Sadraddin, музыкант:

Listening Party деген дүниені бірінші жасап көрігімз келді. Енді барынша сідердің көңілдеріңізден шығып, сіздерге ұнайды деген ойдамыз. Одан да концерт істеген оңай ма деп қалдым. Басында уәде еткем негізі осы шараны жасасам, кіру тегін қыламын деп. Сөзімде тұрдым.

 

Садраддин патиге дейін де кейін де сұхбат бермеді. Есесіне кеште сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, тыңдарманымен кеңінен тілдесті. Жанкүйерлерінің басым бөлігі жеке өміріне қатысты сауал жолдап, музасы бар жоғын білуге асықты.

Sadraddin, музыкант:

Әрбір адамның өмірінде өз адамын табу маңызды деп ойлаймын. Бірақ, оны тапқан кезде сезесің дейді, көре жатармыз. Тауып жатсам айтамын...

 

Көрерменнің басым бөлігі кешке күлгін түсті киіммен келді. Себебі, Садраддин дресс-кодты сақтаған бір тыңдарманын ортаға шықырып, бірге ән айтуға уәде берген еді. Музыкант сөзінде тұрды.

 

Садраддин листинг патиде альбомына енген бірнеше тректі орындады. Кезек менің адамым әніне жеткенде көрерменді елеңі еткізер жаңалықпен бөлісті.

Sadraddin, музыкант:

Менің адамым деген ән тойда love story ретінде керемет кететін ән, үйленіп жатсаңыздар осы әнді қойыңыздар, мен де үйленіп жатсам осы әнді қоямын.

 

Тойдың ауылы да алыс емес болар. Кім білсін.

 

Автор: Д. Қыдырбек