Серік Ибрагимов миллиардардқа кенелткен «Заманбэк» фильмінің жалғасы шықпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

2024 жылы белгілі әнші Серік Ибрагимов кинопродюсерлік салаға аяқ басып, тырнақалды туындысы «Заманбэк»-ті таспалаған еді. Картина қалың көрерменнің көңілінен шыққаны сонша, лента 3 аптада 1 жарым миллиард касса жинады. Бүгінде ол сәтті шыққан жобасын жалғастырмаққа ниетті. Десе де, Серік мырза түсірілім басталмай жатып, шығынға батып үлгерген сыңайлы. Оған себеп:

Серік Ибрагимов, кинопродюсер:

Барлығының гонорары өсіп кеткен. Аты бар кино болғаннан кейін бұларда ақша бар ғой деп қарайды. Бірақ, біз өзіміздің ақшамызбен бұйырса, сөйтіп кірісіп жатырмыз.

 

Әдетте фильм түсіруге орташа есеппен 150-200 миллион теңге аралығында қаржы жұмсалатын болса, Серік Ибрагимов «актерлердің гонорары қымбаттағанына байланысты одан да көп өаржы кетеді» дейді.

Жасұлан Әйтен, актер:

Менікі енді біразға дейін өсті, себебі қазір оны айта алмаймын бірақ, десе де оның жалпы Серік ағаның айтып тұрғанындай бар. Ең қымбаты мен болып тұрмын ғой деймін.

Жақсылық Айтқұрман, актер:

2 есе емес енді, одан көп.

 

Ділдәбек Бегайдаров және Мұрат Амантай сынды киногерлер «Заманбэк 2»-нің сценарийін 2 жыл бұрын жазып бастаған-ды. Жігіттердің айтуынша, жаңа бөлім де 90-жылдарды суреттейтін болады. Жанры комедия және драма болып қала бермек.

Ділдәбек Бегайдаров, сценарист:

Бұл жолы бізде сценарийде экшен көбірек болады, төбелес сахналары бізде бірінші бөлімде 3 сахна жазылған, бұл жолы енді ауқымдырақ сахналарға өткіміз келіп тұр.

Мұрат Амантай, актер, сценарист:

Сценарийді бүкіл халық болып жазып жатырмыз десек болады. Бәрі екінші бөлім қалай болады деп күтетіні сөзсіз.

Екінші бөлімде актерлық құрам сол күйі сақталады. Бірақ, бұл мүлде өзгеріс енгізілмейді деген сөз емес.

Жақсылық Айтқұрман, актер:

Енді бұл жерде менің образым сәл өзгереді деп айтсам болады. Бұл жерде кейіпкеріміз айшығырақ ашылады. Сәл басқа образ.

 

Актерлердің гонорарынан бөлек, кинопродюсерді алаңдатқан мәселе – Рамазан Амантай. «Заманбэк»-тің бірінші бөлімінде басты рөлді ойнаған актер фильмде бой көрсетпеуі әбден мүмкін.

Серік Ибрагимов, кинопродюсер:

Рамазанмен кішкене белгісіз болып тұр. Қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алдында бір-екі сөйлескен тақырыптарымыз бар еді. Жаңағы азу дегендей мәселе. Соларды келісіп алатын болсақ. Мүмкін болып кетеді.

 

Жаңа бөлімнің түсірілімі 10-шілде күні бастау алмақ. Бүгінде актерлер продюсердің талабы бойынша, артық салмақтан арылып, экшн сахналарға дайындалуда.

Жақсылық Айтқұрман, актер:

Мен бір 85-86 -ға дейін салмақ қосып алғаным бар. Енді маған 71 келі болу керек. Соған тоқтамай жаттығуды ұрып жатырмыз қазір.

Әлішер Бұрхан, актер:

Негізі басында 13 кг болған. Қазір жартысын тастадық. Енді бір 6 кг қалды. 90-нан 76-75-ке болуымыз керек қой негізі.

ТИТР: Жасұлан Әйтен, актер:

Мен, жалпы бұл фильм басталды дегеннен бастап өзімді қолға алдым. қазіргі салмағым 83 кг келтірдім, 10кг тастадым.

Режиссер Дархан Сәркенов. Толықметр күзде көрерменге жол тартады. Айта кетейік, Серік Ибрагимов бұл жолы да өз әдетінен танбай, жаңа есімдердің жұлдызын жақпақ. Сол себепті, «Заманback» жобасының бір мүшесі болғыңыз келетін болса, құлағыңызға алтын сырға!

 

Серік Ибрагимов, кинопродюсер:

Онлайн кастинг бұйыртса істейін деп жатырмыз. Және сол жақтан өткен жандарға тағы бір екінші кастинг болады. Енді ауқымды жоба болғаннан кейін, ауқымды кастинг болады бүкіл Қазақстан бойынша.

 

Автор: Ш. Құсаинова