Алматының ең ауқымды алаңы - Орталық Стадионда ине шаншар орын жоқ, ал сахна төрінде миллиондаған тыңдарманның кумирі Энрике Иглесиас! Жиналған фанаттар бір сәтте уақыт машинасына мініп, өткен шаққа саяхат шеккендей күй кешті.
- Бұл кешке келгеніме өте қуаныштымын. Энрике Иглесиас сөзсіз талантты музыкант. Бұрынна бері оның фанатымын. Алматыға келгеніне қатты риза болдым.
Әлемге әйгілі латино-поп королі сахнаға шыға салысымен, жанкүйерлерімен етене жақын араласуға тырысты. Сағынышқа толы әуендер шырқалғанда, бірі балалық шағын еске алса, енді бірі жас кезіндегі ең тәтті сәттеріне қайта оралды.
- Энрике Иглесиастың «Bailando» әнін жақсы көремін. Ырғақты, латын америкалық, испан тіліндегі нағыз хит қой. Бүгін оның осы тректі орындайтынына сенімдімін.
Түрлі түсті жарықпен әрленген шоу, жанды дауыстағы хит тректер және бірнеше минутқа тоқтаусыз атылған отшашу! Әлемдік деңгейден кем түсіпейтін ауқымды концертке келген жанкүйерлердің дайындығы ерекше. Әрқайсысы поп-корольдің назарына ілінуге барын салған.
- Сен маған қарашы деп. Энрикке солай жазылған өзімізге қаратып, осындай ұлттық нақыштағы плакатты көрсін дегеніміз ғой. Сондай бір ниетпен жасалған.
Энрикенің өнерін тамашалау үшін жолдың ұзақтығына қарамай, алыс-жақын шетелден және еліміздің түкпір-түкпірінен ағылған халықтың қарасы қалың.
- Мен Энрикенің шығармашылығын 25 жылдан бері бақылап келемін. Ол менің кумирім, ал мен оның фанатымын. Әрдайым концертіне баруды армандайтынмын. Бүгін сол арманым орындалып, жанды дауыста көріп тыңдау үшін Оралдан арнайы ұшып келдім.