«НТК» телеарнасына жаңа бас директор тағайындалды
«Независимый телевизионный канал» ЖШС Саида Шайкенқызы
Игенбектің «НТК» телеарнасының бас директоры қызметінен кеткенін
хабарлайды.
Саида Шайкенқызы 2007 жылдан бері телеарнаны басқарып,
компанияның дамуына, «НТК»-ның Қазақстан медианарығындағы беделін
нығайтуға, отандық өндірісті дамытуға, арнайы жобаларды жүзеге асыруға
және цифрлық бағыттарды жетілдіруге зор үлес қосты.
«НТК» телеарнасының жаңа бас директоры қызметіне бұған дейін
телеарна бас директорының орынбасары қызметін атқарған Ольга
Валерьевна Ферхо тағайындалды.
Компания Ольга Валерьевнаның кәсіби тәжірибесі, телевизия нарығын
терең түсінуі және медиа саласындағы көпжылдық еңбегі телеарнаның
стратегиялық бағытын сақтап, оның әрі қарай дамуына серпін береді деп сенеді.
«НТК» телеарнасы Саида Шайкенқызы Игенбекке көпжылдық еңбегі,
кәсібилігі және арнаның дамуы мен өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін
алғыс білдіреді.