Аталған бағыттың шеберлері, Аша Матайға да рэптен алшақ жүруге кеңес береді!
Қаршадайынан хип-хопқа қызығып, кейін «Нютон» тобының белді мүшесі атанған Ян Хан, таяуда отандық шоу-бизнес өкілдерінің рэпке деген ұмтылысын байқаған.
Алғашқыда қазақы бағытта танылған Төреғали, қазір рэп оқитын қабілетін көрсетіп әлек. Алайда, Ұлы дала баласының шығармашылығындағы жаңашылдықта шикілік көп көрінеді.
Young Khan, рэпер:
- Монолог деп ойлаймын. Рэп емес. Мүлде рэпке жатпайды.Егерде сондай партияларын өзі сияқты қазақтың балаларына, сондай іспен айналысатын жігіттерге берсе одан да күшті шығатын еді әрине.
Айтпақшы, соңғы кездері Ашаның да рэпке деген құлшынысы керемет. Бірақ Матайдың орындау шеберлігін тамашалаған хип-хоп өкілі, Төрештен де төмен деседі.
Young Khan, рэпер:
- Мүлдем монологтың монологы. Ол жерде әңгіме сияқты айтып жатыр да. Рэп деген бас шайқайтын нәрсе ғой негізі.
Ал, Арман мен Аша тың туынды арқылы экспериментке ерік берген. Алдағы уақытта өздерін түрлі бағытта байқап көрмек. Сондықтан, жұлдызды жұп жұрттың сынына құлақ түруге құлықты емес.
Арман & Аша:
- Әрдайым ізденеміз. Бір күні Аша рэп оқиды, бір күні мен рэп оқимын. Бір күні екеумізде рэп оқып, мелодия болмайтын шығар. Жай ғана рэп болатын шығар. Ол да қызық нәрсе!