Скриптонит пен Шоу Ирины Кайратовны «iТunes»-тың көш басында!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақстандық тыңдармандар «iТunes» музыкалық чартында өз үздіктерін анықтады. Жаһанға танымал музыканттармен қатар отандық өнерпаздар да тізімде тұр.

Дәл осы жаздың хитіне айналған Шон Мендес пен Камила Кабельоның «Señorita» трегі көш басында. Бірер ай бұрын жарық көрген туынды youtube платформасында 537 млн қаралым жинап, өзге мемлекеттерде де үздік атанды. Тіпті, жас өнерпаздардың әні «MTV Video Music Awards» шарасында «үздік коллаборация» және «үздік видео» аталымы бойынша жеңіске ие болған-ды.

Қазақстандық рэп-орындаушы Скриптонит 3x3 туындысымен екінші сатыда. Музыкант аталмыш әнді өзінің лейблі аясында ұсынған еді.

«Gruppa Skryptonite» жобасын қолға алған Әділ Жәлелов, бұдан-былай тректерін жалғыз орындаудан бас тартты. Себебі, өзге рэперлермен коллаборация жасауды қолға алған. Оған әншінің «104», «T-Fest» сынды өнерпаздармен бірнеше дуэттері дәлел.

Шоу Ирины Кайратовны қазақстандық «iТunes»-тің үздік үштігін түйіндейді. Ютуберлердің «Не әңгіме» трегіне «Ghetto Dogs»-тің өзі атсалысқан-ды. Рэперлердің ғаламтор желісін шулатқан еңбегі, жастардың көңілінен шыққаны сөзсіз.