Кевин Федерлайн экс-қайынатасын айыптап, сотқа шағым түсірді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Ұлымды өлімші етіп сабап тастаған! Бритни Спирстің экс- күйеуі Кевин Федерлайн дәл осындай мазмұнда сотқа арыз түсірген. «Атұстарымды ұрды» деп бұрынғы қайын атасын, яки Джейми Спирсті айыптап отыр. Оның бұл дөрекі әрекетін, кіші балам да көріп тұрды деп түсініктеме берген.

Еске салсақ, Бритни Спирс әкесі мен ұлының денсаулықтарынан кінәрат табылғандықтан, шығармашылығын мүлде тоқтатқанды. Енді, сылқым сот табылдырығын тоздыратын сыңайлы. Мәселе, қос тарапқа да оңтайлы шешіледі деп сенейік.

Спирстің ұлдары дәп өзі сынды үнемі дау-жанжалдың ортасында жүрсе, Синди Кроуфордтың қызы сән журналдарының мұқабасынан жарқырады. Құдды 90 жылдардың супер сәнбикесі өмірге қайта келгендей. Кая Гербер мен Синдидің сырт келбеті ұқсас болғанымен, табиғаттары бөлек сынды. 18-ге жаңа толған ару «анам сынды шулы патилерге бүйрегім бұрмайды» деп ағынан жарылды. Өзін – «үйкүшікпін» дейді.

Бейонсе сүйіктісінің тосын сыйларына масаттанып жүр. Бүгін, 39 – ға толған бикешті Джей Зи кезекті концерттерінің біріне шақырған. Шоу аяқтала салысымен тыңдармандарымен бірге жұбайын ерекше құттықтап таңғалтты.