СОТТАСҚАН ЖҰЛДЫЗДАР

Сообщить о проблеме с эфиром

Медиа тұлғалардың бір-бірімен жүз шайысып, мәселесін майшаммен қарау үшін сотқа жүгінген сәттері бір бұл емес. Таблоид беттерінен түспей, біраз шу тудырған Жадо мен Меруерт Түсіпбаева арасындағы дау! Сәнгер мен әнші бір-біріне тіл тигізіп, соңында сот залынан бірақ шыққанды. Абырой болғанда, бұл мәселе тараптардың ортақ бітімге келуімен, оңтайлы шешілді. Тіпті, ауыр сөздермен балағаттағыны үшін бір-бірінен кешірім сұраудан да арланбады.

Жадо – сәнгер

Мен кешірім сұраймын Меруерт ханым, бірінші бастағаныма, кешіріңіз...

Меруерт Түсіпбаева – әнші -

Бірінші бастаған Жадыра Сахиева! Бірінші бастаған Жадыра Сахиева кешірім сұраса, сұрады! Менде екінші болып кешірім сұраймын. Жадыра Сахиевадан кешірім сұраймын...

Ырза Тұрсынзада – қолөнер шебері

- Қарақат жаным, саған айтатыным, сенің аудиохатыңды оқуға жүрегім айниды. Сенің бетің жылтыр, бірақ сол беттің астында тұрған арың, жамауға келмейтін жыртылған ар екен. «Арың жамауға келмейді»! Дәл осындай сөздерімен Қарақат Әбілдинаны балағаттап, Қыдырәлі Болманов маған тиесілі ғимаратты тартып алды деп Ырза Тұрсынзада жұртты шулатқанды. Қолөнер шебері жұлдызды жұпты айыптап қана қойған жоқ, сотқа шағым түсірді. Продюсер де қарап қалмады. «Арыма нұқсан келтірді» деп Ырза ханымның үстінен арыз жазды. Біраз, талқыға түскен бұл тақырып сол күйі аяқсыз қалды. Нақтырақ айтсақ, даудың қалай тәмамдалғанын тараптар хабарлаған жоқ. Талғат Теменов «авторлық құқықты бұзды» деп Баян Алагөзованы сотқа бергені де есімізде. Жанжалға арқау болған продюсердің «Станция судьбы» картинасы. Режиссер оны төл туындысының жалғасы деп қабылдаған. Тек, фильм үлкен экрандарға жол тартқан соң ғана, ойының қате екенін түсінеді. Ал, Баян болса өзінің жұлдызын жаққан Талғатты, менен ақша өндіріп алғысы келді айыптады.

Баян Алагөзова, продюсер

- Біз онымен келісуге тырыстық, Бірақ, қолымнан келмеді. Талғат Теменов менен қаржы өндіріп алуды ғана көздеді. Сценарийді білмей жатып, фильмді көрмей-ақ сотқа бергені таңқалдырды.

Нәтижесінде, Талғат Теменов арызын қайтып алды.