Киномандар күткен күздегі картиналардың ТОП-5 – гі.

Сообщить о проблеме с эфиром

Ақан Сатаевтың «Томирисі» сөзсіз көптен күткен картиналар тізімінде! Тарихтағы Тұмар ханшаны халық назарына ұсыну үшін, 8 актриса жұмылдырылып, киноүрдіс бірнеше жылға созылған еді. Енді міне, фильм халықпен қауышуға әзір.

Ақан Сатаев, режиссер:

- Біз өзіміздің сцеариімізді кішкене басқаша жасадық. Өйткені оны айтып отырғанымыз, міндетті түрде тарихшыларға сілтеме жасаймыз. Бірақ художественный жағынан өзімізге орын қалдырдық.

Нұртас Адамбай тарихи туынды таспалауға әлі асықпайды. Есесіне, режиссер бір басшының басынан өткен қызықты хикаясын ел назарына ұсынуға дайын. «Әкім» картинасы қарашада көрерменге жол тартпақ.

Күз маусымында махаббат жайлы мелодрамаға көргіңіз келсе, «Мен сені сүйемін» лентасы сіз үшін. Еске салсақ, фильм әнші Сара Амангелдінің толықметрлі туындыдағы дебьюты.

Сара Амангелді, әнші, актриса:

- Актерский состав маған қатты ұнады. Әр адамның бейнесі өзіне жарасып тұр. Сондықтан маған ойын жағынан оңайырақ келеді.

Қарттар тақырыбын қозғау мақсатым болды! Продюсерлік тізгінді жаңадан қолына алған Жеңісхан Момышев, алғашқы қадамын салмақты тақырыптан бастаған еді. Трагикомедия жанрындағы «Многодедный» лентасы қазан айынан бастап үлкен экрандарда!

Әл-Фараби даңғылымен темір тұлпарын теріс бағытта айдап, елді шулатқан Назар Ролланның оқиғасы да, фильмге арқау болды! Қалың көрермен, «Байдың баласы» фильмін осы күзде тамашалауға асық.