«Алматы - іңкәрім менің» ретро-фестивалі өткенге саяхат жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, тілші: @nursultan_yeszhan

- Өткенге саяхат! 80-90-шы жылдардағы хит туындаларды дәл осы сахнада жарық жұлдыздар шырқауда! «Алматы - іңкәрім менің» музыкалық фестивалі дәстүр бойынша дүркіреп өтіп жатыр! Түрлі қойылымдарымен ерекшелетін шараның биылғы хедлайнерлері: ресейлік Лайме Вайкуле, Наташа Королева және Валерий Сюткин сынды танымал әншілер. Сонымен қатар, отандық әртістер де өз өнерлерін көрсетеді. Ендеше, бірге тамашалайық!

Қала күні қарсаңында, «Алматы – іңкәрім менің» ретро фестивалі осымен 18-ші рет танымал жұлдыздарды өз сахнасына жинады. Ауқымды музыкалық шара арқылы көрермендер, биыл Алатау бөктеріндегі алып шаһардың бұрыңғы кейпін еске алған-ды. «Кешкі мәдениет орталығы және аулада жиналған көршілер» тақырыбы арқау етілген концертте отандық жұлдыздармен бірге өткенге саяхат жасап қайткан едік.

Айгүл Иманбаева, әнші:

- Пугачеваның репертуарындағы әдемі әнді орындаймын. Ол өзі актер шеберлігіне құрылған ән. «Ей, вы там наверху». Сондықтан мен кәдімгі үйдегі әйел, сосын артынан қосылып көршілерімен тойлап кетеді ғой. Жалпы, басында осындай, халатпен шығам да, одан кейін мынаның бәрін лақтырам былай.

-Ал бүгінгі тематика ол өткенге саяхат, Алматы, бұрынғы Алматы, сіздің жастық шағыңыз есіңізде шығар?

-Мен Алматыда 27 жыл тұрдым, 4 жыл болды, жұмыс бабымен Астанаға көштім, бірақ Алматы шынымен де менің іңкәрім деген осы сөздің астары да мағынасы да, тереңде жатқан сияқты.

Әділжан Омаров, «Rin’Go» тобының әншісі:

- Алматылықсың ғой, жас кезіңдегі Алматы жайлы айтшы, сол кездегі сол естеліктермен бөлісші.

-Енді осы цирк, біздің осы орталық парк, біздің кішкентай кезіміздегі фотолар, мороженое, сладкая вата дейді. Ол кезде қуанышта шек жоқ.

Арман мен Аша:

- Бұрыңғы Алматы естеріңде ма? Енді, біз замандаспыз ғой, біз аса біле бермейіз ия. Сол кездерді, айтайықшы үлкендер не деп айтады, керемет болған дейді ғой.

- Енді дұрыс сондай болды дейді, бірақ та приезжийлар келді ғой, біз сияқты. Оңтүстіктен, Шымкенттен деген сияқты.

Әнел Әрінова, әнші:

-Сіз Алматы қаласына, қай жылы келдіңіз көшіп?

-Мен 1998 жылы Алматыға, жоғары оқу орнынан түсу үшін арман қуып келдім. Содан осында бірден қалып қойдым.

Ретро хиттерге толы кештің жарық жұлдыздарының бірі - ресейлік әнші Наташа Королева. Таяуда ғана Беркутпен дуэт құрып, бейнебаян ұсынған ол, алғаш рет қазақ тілінде ән шырқағаны есімізде. Өнер иесі бұл тандемнің арқасында, қазақстандық фанаттарым көбейді деп отыр.

Наташа Королева мен қатар Лайме Вайкуле, Валерий Сюткин де Алматыға келген алғашқы сапарларымен бөлісті.

Наташа Королева, әнші: (Ресей)

- Алматыға мен алғаш 90-шы жылдары келдім. Ол кезде мүлдем өзгеше болатын. Жап-жаса қала, бүгінде мәдениеттің орталығына айналған. Әр келген сапарымда таңқалып қайтамын.

Лайме Вайкуле, әнші: (Ресей)

- Менің бұл қалаға алғашқы сапарым есімнен кетпейді. Сол кездедерде сахнаның орнына кішкентай ағаштан жасалған тақтайда тұрып, ән шырқадым. Ал, қазір қарыштап дамыған қаланы көріп тұрмын.

Фестивальдің әдеттегі жүргізушілері Нағима Есқалиева мен Сағынай Абдуллин болса, әзілкеш Рауан Рамазанов қойылымның басты кейіпкері атанды. Сонымен қатар, биыл «Алматым – іңкәрім менің» фестивалі жаңалықтарға да толы. «Джейран» тобы жаңа құраммен өнер көрсетсе, актер Дәурен Айдарқұлов әнші ретінде бағын сынап көрген-ді.

Осылайша еліміздің ауқымды музыкалық шараларының бірі дүркіреп өтті. Концертке келген көрермендердің көтеріңкі көңіл-күйі соған дәлел.

Фестиваль ұйымдастырушылары - «Дегдар» қайырымдылық қоры, билет сатылымынан түскен қаражаттты түгелдей, Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен балабақшаларды қолдау ретінде жібереді.