«Жаңа бейнебаяндар»

Сообщить о проблеме с эфиром

Музыка индустриясында бүгінгі таңда ең табысты әншілер қатарына енген Ариане Гранде, Майли Сайрус және Лана Дель Рей коллаборация ұсынбақ. Танымал өнерпазда көптен күткен ортақ туындының алғашқы тизерін көрсетті.

«Don't Call Me Angel» трегін бірігіп шырқаған арулар, аталмыш әнді бұрынғы ғашықтарына арнаған. Еске салсақ, Ариане сүйіктісімен кош айтысса, Майли Сайрус та жақында күйеуі Лиам Хемсвортпен ат құйрығын үзіскен еді. Ал, жұлдызды бейнебаянның толық нұсқасын тыңдармандар жақын арада тамашалай алады.

Ками́ла Кабе́льо тыңдармандарын ұзақ күттірмей су жаңа туындысын бірден ұсынуды жөн көргендей. Бірнеше сағат бұрын жарыққа шыққан «Liar» трегіне арналған бейнебаян бір миллионан аса қаралым жинап үлгерген.

Камиланың соңғы кездері танымалдылығы артқаны бәрімізге мәлім. 22 жасар жас әнші бірер ай бұрын шыққан «Señorita» әнімен әлемдік музыкалық чартардың көшін әлі де бастап тұр.

Америкалық хип-хоп орындаушы Пост Малоне де әріптестерінен құр қалмақ емес. Музыкант «Saint-Tropez» трегіне ерекше видео арнады. Малоне тың туындысының локациясы ретінде бұл жолы табиғат аясын таңдаған.

Аталамыш ән рэпердің жуырда ғана тыңдарманға ұсынылған «Hollywood's Bleeding» атты альбомына енген тректерінің бірі.