Луина үлкен той алдында барлық құрбыларын жинап, ерекше хэн-пати өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Луина үлкен той алдында барлық құрбыларын жинап, ерекше хэн-пати өткізді!

Луина мен Артем Обуховтың махаббат хикаясы ертегі іспетті. Әнші отызға келгенде өзіннен жеті жас кіші ғашығын кезіктіріп, бақыттан басы айналып жүргенін жарияға жар салды.

Луина – әнші

– Оның менен жеті жас кіші екенін айтудан арланбаймын. Өйткені, оның дүние-танымы, болмысы тым ересек жандардікіндей. Мен кез-келген жағдайда оған арқа сүйей аламын. Көп ұзамай Артем да жүрегі мен жүзігін ұсынып, сылқымға сезімін білдірді. Енді, міне 19-шы қыркүйек күні олар некелерін қидырып, ауқымды салтанат өткізбекші. Үлкен тойдың алдында – Луинаның hen – party-ы өтті. Өнердегі һәм өмірдегі құрбылары түгел жиналған кештің аса көңілді болғаны байқалады.

Пижама – патиге жиылған меймандардың бәрі түрлі сынақтардан өтіп, ән айтып, би өнерінен өзара сайысқа түсті. Тіпті, алып денелі жартылай жалаңаш жігіттерді де көзіміз шалды. Бұл – сылқымдарға массаж жасауға келген серілер екен. Қыз ғұмырымен қоштасу кешінде Луина барынша белсенді болуға тырысты. Өзіне ештеңеден шектеу қоймағаны байқалады. Сірә, келіншек атанған соң, байсалдырақ болатын шығар.