«EQ» тобы Қазақстан бойынша кішігірім турнесін аяқтап, кезекті әнсапарға әзірленуде

Сообщить о проблеме с эфиром

«EQ» тобы:

- Тур тамаша өтті. Біз бірінші бөлімін аяқтадық. Өзіміздің стажерларымыз, өзіміздің әртістер және біз. «Дара жол» деп аталады. Біз Қарағанды қаласы, Балқаш қаласы, Қызылорда, Шымкент және Тараз қаласына барған болатынбыз. Енді осы нәрсенің екінші бөлімін жасамақпыз.

Зируза болса, тұңғыш турнесін ұйымдастыруға асықпайды. Өнерпаз ел аралап, ауқымды кеш өткізуді келесі жылға жоспарлап отыр. Ал, оған дейін «кью-поп» патшайым композиторлықты мықтап қолға алуда.

Ziruza, әнші:

- Тек, айтатыным екі ән бар. Соның біреуі менің авторлық әнім. Бұйырса жақын арада шығады және келесі ол біздің композиторлардың әні. Жақында тағы бір бейнебаян күтіңіздер.

«Crystalz» сылқымдарының да, жанкүйерлеріне ұсынары бар!

«Crystalz» тобы:

- Жаңа бейнебаянымыз туралы айтқым келеді. Ол жақын арада жарық көрмек. Туындыда сіздер бұрын-соңды көрмеген, образдарымен таңқалтамыз.

Еске салсақ, «Crystalz»-дықтар су жаңа туындысын айыр қалпақты ағайындар еліне арнайы барып, таспалап келген еді.

Әзірге, күллі q-pop өкілдері арасында «Madmen»-дықтар «ең жалқау». Мемберлер, ұзаққа созылған үнсіздікке қарамастан, камбэк алуға асықпайды.

«Madmen» тобы:

- Камбэк жайлы алдын-ала ешнәрсе айтпай-ақ қояйық. Өйткені, қазір айтып алып, болмай қалса ұят. Қазір видео жұмыстардан бөлек, жанкүйерлерімізге тағы бір тосын сый әзірлеудеміз.

Бұл тосын сый, фанаттарын көп күттірмейді деп үміттенеміз!