Лиам Хемсворт неге ашулы?

Сообщить о проблеме с эфиром

Майли Сайрустың ажырасуға бел буғанын ғаламтордан кездейсоқ оқып қалған Лиам Хемсворт: «төбемнен жәй түскендей болды», - дейді. Дәл сол сәтке дейін қайтсем де, некемізді сақтап қаламын деп құлшынып жүрген серінің салы суға кеткен. Ажырасуға арыз бергеннен өзге амалы қалмапты.
Сорақысы сол, Майли Сайрус үйлену тойларынан соң сегіз ай өткенде, актриса Кейтлин Картермен көңіл жарастырған. Бұл жәйт та Лиамға ауыр соққы болды. Анастасия Решетова мен Тиматидің махаббаты жалған. «Telegram» каналдардың бірі осындай сорақы ақпарат таратты. Тіпті, Настяның сүйіктісі бар, ал, Тиматимен PR үшін көңіл жарастырды деп жар салды.

Мұндай, қауесет Решетованың қанының басына шабуына сеп болған. Сылқым дереу инстаграм арқылы мұндай келеңсіз әңгімеге сенбеуге шақырды. Күні кеше тың топтамасын таныстырған Виктория Бэкхем сынның астында қалды. Жо-жоқ, коллекциясына мін таққандар табылмады. Есісіне, қызы Харперді дұрыс тәрбиелеп жатқан жоқсың деп дүрсе қойғандар жетерлік. Сәнгердің фолловерлері, тым арық модельдер кішкентай қыздың психикасына әсер етеріне сенімді. Виктория болса, әдеттегідей «тасада тұрып тас атқандарға» жауап қатқан жоқ.