«Жеті милиард бір бүтін ел»! Күллі q-pop өкілдері табиғатты қоқыстан тазалады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, тілші:

- Дәл қазір, мен, «Ninety One» тобы және өзге өнерпаздар мына жерді қоқыстан тазалаймыз. «Q-fest» шарасы аясында күллі q-pop өкілдері дәл осындай бастама көтерген болатын. Меніңше, өте жақсы идея. Десе де, өнерпаздардың өзі, табиғатты аялау үшін күнделікті өмірде игі істерімен үлгі болып жүр ме?

Бұл күні күллі q-pop өкілдері қолдарына микрофон емес, тырма мен күрек алып, жиналған жұртышылықпен бірге айналаны қоқыстан тазалауға кірісті. Әдетте, үстеріне шаң жуытпайтын өнерпаздар, киімдерінің былғанып қалғанын да елер емес.

«EQ» тобы:

-Құрметті достар, дәл қазір сіздердің назарларыңызда тобы. Жігіттер, иә амандасып алыңдар.

– Сәлем, сәлем. Сіздермен бірге «EQ», бүгін жексенбіде сенбілік болып жатыр, өте қызық.

– Жалпы, сендер көп жастарды тартып жатсыңдар. Кью-поп өкілдері, кью-поп өнераздары. Ол өте жақсы. Бірақ, өнерпаздардың өздері, көзбояушылықпен айналысып жатқан жоқ па? Өздерің шынайы тазалауға келдіңдер ғой, иә?

- Әрине шынайы, шынайы болмаса бәрі үйде ұйықтап жатар еді деп айтады дейді. Мен ойлаймын, әрбір адам өзінен бастау керек. Біз өзімізден бастадық, айналамызға қарадық, кішкене өкпелейтін нәрселер бар, сол себепті өзіміз қолға алып, тазартқымыз келіп. Жақсы рахмет жігіттер, іске сәт.

Ziruza, әнші:

– Зируза қалайсың?

– Керемет, жақсы.

– Тырмадағы шөбіңе қарасам, табиғатты тазалауға белсене кірісіп кеткен сияқтысың ғой.

– Иә, енді барынша тырысып жатырмыз.

– Өзің жалпы табиғатты аялау үшін не істейсің өмірде?

– Өмірде, бұл енді үйреншікті жағдай. Қалада, басқа жерде болсын жерге мусор тастамау бір сөзбен айтқанда.

– Айналаңда қоқыс тастайтын жер жоқ, не істейсің?

– Ұстап жүре беремін, сосын тапқанша жүре беремін. Тапқанда салам.

Ал, Alem бастаған «Ninety One»-дық меберлердің сұхбат беруге мүлде мұршалары жоқ. Жігіттер білек сыбана қоқысты жинап әлек.

Ayree болса, бұл сенбілікте белсенді еңбек етіп, аса көзге түсе қоймады. Есесіне, арудың продюсері Руслан Абдикалиев «Ninety One»-дық Zaq-пен бірге қызу жұмысты да атқарып, әңгімені де айтып үлгеріп жатты.

Кей q-pop өкілдері, ұжымдық жұмысқа қарағанда, жалғыз жүріп еңбектенуді жөн санапты.

C.C. Tay, әнші:

– Бәрекелді, Сиситай, қалайсың?

– Жақсы, жақсы.

-Тырмалап жүрсің ғой иә? Қалай тырмалау керек көрсетші.

– Енді былай тазалаймыз да.

– Жақсы, Сиситай.Табиғатты құтқарып қалу үшін не істеу керек, сенің идеяң бар ма?

– Жалпы біріншіден пластик қолданбау керек деп ойлаймын. Өйткені ол қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі және оның қолға алынып жатқандығы қуантады. Мен суды да, шыны ыдыстағысын алам әрқашан да, бутылкамен енді үйге қонақ келген кезде литрлап аламыз ғой, сол кезде грешить етеміз деймін ба. Үйлеріңе қонақ келген кезде, сусындарды пластик бөтелкемен аласыңдар, сөйтіп оны сұрыпталған қоқысқа тастайсың ба, әлде ортақ қоқысқа ма?

– Сұрыпталғанға лақтырамын, сыртындағы қағаздарын алып, қоқысқа өткіземін.

– Мәссаған, біздің өнерпаздарымыздың бәрі үлгілі азаматтар мен үлгілі азаматшалар екен.

Осылайша, таңсәріден оянып, сенбілікке жиналған жұлдыздар, өздерінің экология тақырыбына бей-жай қарамайтындығын байқатты. «Бір миллиард бір бүтін ел» атты шара аясында, q-pop орындаушылардың көмегімен 20 гектар аумақ қоқыстан тазартылды.