іHEART RADIO MUSIC FESTIVAL

Сообщить о проблеме с эфиром

K-pop бағытындағы әншілер болса, iHeartRadio Music шарасында! Бұл жолы әйгілі «BTS» емес, «Monsta X» бойзбендті АҚШ-та өткен музыкалық фестивальдің қадірлі қонағы атанған еді. Осыған қарағанда, 7 жігіттен құралған кореялық ұжым бүгінде сұранысқа ие топтардың қатарына енгені анық.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ауқымды концерттің сахнасы шоуға толы. Мыңдаған фанаттар алдында өнер көрсеткендер арасында Билли Айлиш та бар. Әлемді мойындатқан ең жас әнші, сахна төрінде аяғын қайырып алса да, ән салуын тоқтатпады.

Биылғы «iHeartRadio» шарасын жүргізу Кристина Агилераға бұйырған. Ерек образымен қызыл кілемнің жұлдызы атанған да өзі. Фестивальдің мерекелік кешінде Камила Кабельо, Майли Сайрус сынды жас өнерпаздар өздерінің су жаңа тректерін ұсынса, «Green Day» рок ұжымы 7 жылдық үзілістен кейін сахнаға қайта оралды.