Лионель Месси үздік футболшы!

Сообщить о проблеме с эфиром

- Кіл мықтының арасыннан сурылырып шығу – нағыз ерлік! Сондықтан, «Үздік ойыншы, үздік фуболшы» - Лионель Месси! Испаниялық Барселонаның һәм Аргентина ұлттық құрамасының капитаны – алтыншы рет «Үздік футболшы»! Салмағы атан түйеге жүк Фифаның марапаты үшін бұл жолы Криштиану Роналду мен Вирджил ван Дейк те таласқа түскенді. Бірақ, бұл маусымда көшбасшылық танытқан Лионель Мессиді қолдағандар басымырақ болды. Дауысты жаттықтырушылар мен капитандар, спорт журналистері мен жанкүйерлер берген.

Лионель Месси – үздік футболшы

- Қатты қобалжып тұрмын! Дегенмен, мені әрқашан қолдап, жанымнан табылатын жанұяма алғыс айтқым келеді. Антонелломен екі ұлымызды ғана ертіп келе алдық. Үшіншісі әлі тым кішкентай! Бірақ, ол да есейгенде ағалары сияқты футболды жан-тәнімен сүйетін болады деп сенемін.

«Анам мені 500 долларға сатып жіберген»! Деми Мур 15 жасында зорланғанын айтты. Сорақысы сол, өз туған анасы оны 500 доллар үшін, бөтен еркектің қойнына салып берген. Актриса маскүнем шешесі жайлы бұл сырды бүгін сатылымға түскен мемуарында ашық жазған. Бұған қоса, Эштон Катчердің көзіне шөп салғанын, түсік тастағанын бүкпесіз баяндаған.

Бүгін Гарри ханзада мен Меган Марклдың һәм олардың 4,5 айлық ұлының Оңтүстік Африкаға сапары басталды! Кедейліктен көз ашпаған елге герцогиня құр қол бармапты. Арчиге сыйланған киім-кешектер мен ойыншықтарды, тұрмысы төмен отбасыларға таратып бермек. Бұдан бөлек, СПИД-ке шалдыққан жандарға қаржылай көмек көрсетті.