«Айқын ақшадан қақты». Жұлдыз Өмірғалиға күйеуі неге қаржылай қолдау көрсетпей жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тележүргізуші:

-Бүгінгі таңда әрбір екінші әртіс, өнерден бөлек бизнес ашып кәсібін дөңгелетіп жүр. Сұлулық салоны, мейрамханалар, дүкендер, тағысын тағы. Шоу-бизнес өкілдерінің бұл әрекетіне таңқалмайтын да болдық. Мәселен, бұрындары бір топта ән салған экс-кешьюлік арулар ортақ ән жазу үшін емес, енді бизнес-серіктес ретінде бір ұжымда.

Жұлдыз Өмірғали, Элизат Берікова және «Джейран» тобының экс-әншісі Фариза Ескермес! Өнерде әріптес арулар, бизнесвумен жұлдыздар қатарын толықтырды.

Жұлдыз Өмірғалидің сөзінше, әншілік мансабы дәл бүгінде аса табысты емес. Сондықтан да, шығармашылыққа қаражатты күйеуінен сұрауға мәжбүр. Тек, Айқын Жұлдыздың емес, өзінің творчествасын көбірек дамытуға құлықты екен. Бизнеске қадам басуыма да осы жәйт түрткі болды дейді сылқым.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

-Жұлдыз бүгін біз әдеттегідей сахнада емес, іскерлік шарада кездесіп тұрмыз. Неге бизнес ашуды жөн көрдің? Әлде, сахна жеткілікті табыс алып келмей жатыр ма?

- Сахнаға мен бір, керемет әнші деп айта алмаймын. Ай сайын клип түсіретін, ондайға қазірге дайын емеспін. Мүмкін дайын шығармын, бірақ бір кісі дайын емес. Ол кісінің өзінің түсініп тұрған шығарсыздар кім екенін, ол кісі, бейнебаян түсіріп, ән жаздыртқан дұрыс деп ойлайды. Ал енді мен не істеймін, өзіме ақша тауып, өзім жұмсай алатындай, өзім ақшам ештеңкенге жетпейді.

- Айқын енді, немен айналыс дейді?

- Всем чем, чем захотела, главное не плакала.

- Қолдайды ма сені?

- Ия қолдайды. Ол жағынан жақсы, барлық бастауларымды.

Жұлдыз Өмірғали жаңа бастамасына серіктес болу үшін, құрбысы Элизатты шақырған. «КешYou» тобында өнер көрсеткен Берікова, тұрмысқа шыққалы бері бизнес бастауды жоспарлап жүріпті.

Элизат Берікова, «КешYOU» тобының экс-әншісі:

- Элизат сахнадан көрінбей кеткен едің. Бірақ кинодан көре бастадық сені. Бүгін енді мүлдем басқа салада кездесіп тұрмыз. Кәсіпкерлікке бет бұрдың ба?

- Ия, қазір енді үйде отырғандықтан, үйде отырып жұмыс жасауға болады. Мені осы жобаға Жұлдыз Өмірғали шақырған болатын.

- Қалай ойлайсың бизневумен болу қиын ба, оған арнайы оқу керек па?

- Енді бұл, қатты сондай қиын нәрсе емес. Интернет арқылы жақсы жұмыс жасауға болады да. Сондықтан менде инстаграмым бар, оқырмандарым бар. Маған қарап, маған адамдар жұмысқа келеді.

«Джейран» тобының экс-мүшесі Фариза Ескермес актрисалық пен жеке әншілікті қатар алып жүрсем де, тапқан табысым жеткіліксіз дейді. Сондықтан, ол қалтасын қалыңдату үшін қолынан келгенше түрлі кәсіпте өзін сынап көрмек.

Фариза Ескермес, «JayRun» тобының экс-әншісі:

-Қазіргі таңда бизневумен арулардың қатарына қосылыпсың құтықтаймын. Осы ісіңді өнермен бірге қатар алып жүргің келіп жүр ма?

- Жалпы қазір 21-ші ғасырдың адамы – ол тек қана бір жұмысты істеп қоймайды, егер де ақша көп тапқың келсе, танымал болғың келсе, жалпы өзің сондай энергия тұрғысынан өте күшті болу үшін, әр түрлі жұмыс істеу керек деп ойлаймын.

-Жаңа айтып жатсың ғой, табыс табу деп... өнер жеткілікті табыс алып келмей ма?

- Өнер жеткілікті табыс алып келмейді. Оны бәрі біледі, оны кез-келген әнші де, кез-келген актер, актриса бәрі де айтады. Ол табыс өте аз. Мысалы, көрермендер ойлайды, экранның мына жағында отырған ой әншілер, бишілер, актерлар олар бай деп.

Бүгінгі танымалдылықтары тиімді жарнама боларын жіті түсінген арулар, бизнеске білек сыбана кіріскен.