НТК арнасында жаңа жоба! «Қалаулым сен» бағдарламасы енді біздің эфирде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Екі маусым бойы өз көрермендерін махаббат дастандарымен қуантып келген «Қалаулым сен» шоуы үшінші маусымын бастады. Бұл жолы қазақ тіліндегі рейтингі жоғары жоба НТК арнасында көрсетілмек.

Шах-Керім Кармен, «Қалаулым сен» жобасының бас редакторы:

-Біздің негізгі мақсатымыз «Қалаулым сенге» келген әр қатысушы, әр үміткер «Қалауым сен» деп айта алатын жан тапса екен деген ниетіміз болды. Сондықтан «Қалаулым сен» - біз енді.

Көрерменнің тағатсыздана күткен бағдарламасы – жаңа арнада, жаңа жүргізуші, жаңа қатысушылармен басталды!

Айдай Исаева, «Қалаулым сен» жобасының жүргізушісі:

- Бірінші мәрте, бірінші рет бағдарламаны жүргізейін деп тұрмын. Оның үстіне өздеріңіз білесіздер, «Қалаулым» бағдарламасы үлкен шоу рейтингті, үлкен бағдарлама. Әрине, алып шығамыз. Қасымызда Шах-Керім деген әріптесіміз бар, қанша ұжым бар.

25 қатысушының екінші жартысын табуға жәрдемдесіп, жеңгетайлық қызметте болатын - «Қазақстан аруы 2013» Айдай Исаева. Үшінші маусымда, жаңашылдықты көп болғанымен, жобаның басты мақсаты – қалаулысын табу өзгеріссіз қалды.

Кенжебек Ниязов, «Қалаулым сен» жобасының қатысушысы:

-Көп адамдар, достарым бәрі маған күмәнданып қарады. Әрине «ой, сен не үшін бара жатырсың» деген сияқты. Мен қазір айтқым келеді, мен өзімнің болашақ жарымды, өзімнің өмірлік бірге қартаятын, бірге бала-шағамды өсіріп, өмірімнің соңына дейін болатын асыл жарымды табу үшін келдім.

Түсірілім алаңына қыз-жігіттер ерте келеді. Себебі, үш сағат тікелей эфирде өтетін реалити-шоуға дайындық та біраз уақыт алады.

Айта кету керек, әдеттегідей таныстық студиядан бастау алғанымен, барлық қызықтың беті мына – сырласу бөлмесінде ашылып жатады.

Шығармашылық топ бұл маусымның алдындағылардан өзгеше болатынына кепілдік береді. Себебі, екі жылдық тәжірибеден соң, көрермен қалауын әбден зерттеп, қажеттісін беруге әзірміз дейді.

Шах-Керім Кармен, «Қалаулым сен» жобасының бас редакторы:

- Бірінші маусымда бізде 4 той болды, екінші маусымда 3 той болды. Ал енді үшінші маусымда НТК арнасымен бірге енді 5-6 -ға көтереміз ба деп отырмыз бұл көрсеткішті.

Атышулы жобаның түп-нұсқасын дүйсенбі мен жұма, сағат 15:00 мен 18:00-аралығында, тек НТК арнасынан көре аласыздар!